«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Дауды балама жолмен реттеу

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Медиация дегеніміз – істің нә­ти­жесіне мүдделі емес, тәуелсіз, бей­тарап үшінші нысанның қаты­суы­мен өтетін дауды балама рет­теу. Бұл маңызды институтты өр­ке­ниет­ті елдер әлдеқашан мо­йын­дап, тиім­ділігіне көз жеткіз­ген. Түрлі се­бептермен туындап жататын жан­жалдарды, келіс­пеу­шіліктерді тату­ластыру арқы­лы шешуді көздейтін медиация­ның елімізде қолданысқа енгі­зілгеніне он жылдан асты. Осы уақыт аралығында медиа­ция қыз­ме­тіне жүгінушілер қатарының арт­қаны байқалады. Ол оңайлық­пен келген жоқ. Медиация­ның мәнін, маңызын, мақсатын біл­мейтіндерге заңның мәнін тү­сіндіру, пайдалы тұстарын ұқты­ру, артықшылығына көз жеткізу үшін көптеген іс-шаралар атқа­рылды. Медиация туралы заң­ның қолданыс аясын кеңейту, жа­ңа бастаманы жұртшылыққа на­сихаттау, медиаторлар жүйесін қа­лыптастырып, танымалды­лы­ғын арт­тыру бағытында да ке­шен­ді жұмыс­тар жүргізілді. Та­раптардың сенімі­не ие болып, дауды ортақ мәміле­мен шешу мін­деті жүктелген тату­лас­тыру­шы судья­ға артылар міндет тіпті ауқымды.

Медиацияны жүзеге асыру­шы медиатор да, татуластырушы судья да тараптарды кінәлі немесе кінәсіз деп бөліп-жармайды, тараптарға жауапкершілік жүк­теп, нұсқау бер­мей­ді. Татулас­ты­ру­шы судьяның не­гізгі мақсаты – тараптарды келісімге келуге ша­қыру, бітімге келсе, уақыт пен қар­жыны үнемдеуге болаты­нын, та­раптар арасындағы сыйлас­тыққа кінәрат түспейтінін жан-жақты тү­сіндіру. Сот процесіне қарағанда медиация рәсімі қысқа уақытта қа­ралады, әрі мемлекеттік баж салы­ғы төленбейді. Ең бастысы, екі жақ арасындағы жылы қарым-қатынас үзілмейді. Азаматтар өз мүддесін қорғауда абырой-беде­лін сақтап қалады.

Татуластырудың тағы бір ар­тық­шылығы, бекітілген келісімге сәй­кес, онда тараптар белгілен­ген шарт­тарды дер ке­зінде, уа­қытылы орын­дауға мүд­де­лі. Егер ерікті түрде орындалмаған жағ­дайда тату­ла­су келісімін жасас­қан тұлға өті­ніш­хат жазып, сол бо­йынша сот берген атқару пара­ғын негізге ала отырып ортақ ке­лісімнің шарт­тарын мәжбүрлеп орындата алады. Біз тату­лас­ты­рушы судья ре­тінде сот өндірісі­не түскен іс­терді сараптап, та­рап­тарға ме­диацияның артық­шылығын наси­хаттауға ба­рынша күш салып ке­леміз. Медиа­ция­ның бірінші қағи­даты – еріктілік, екіншісі – тарап­тардың теңдігі, үшін­шісі – бейта­раптылық, төр­тінші­сі – құпиялы­лық. Медиация­да жеңілген та­рап­тар болмайты­нын баса айт­қым келеді. Қазіргі уақытта сот ор­ган­дарында дауды медиация тәр­тібімен реттеу ту­ра­лы келісімдер кеңінен қолда­ны­­лады, оларды кейін сот бекі­теді.

Соңғы жылдары татуласу ке­лі­сім­дерін бекітумен аяқталған іс­тер саны көбейді. Мысалы, 2022 жыл­дың 9 айында облыстық ма­мандан­дырылған ауданаралық экономи­калық сотының судьяла­ры 167 іс бо­йынша тараптарды та­туластырып, 29392308 теңге­ден астам мемле­кеттік баж қай­тарылды. Оның ішінде бітімгер судья 97 іс бойынша тарап­тарды татуластырып, 50 бітімгер­шілік, 47 медиативтік келісім жасал­ды. Қайтарылған мемлекеттік баж мөлшері – 14 550 232 теңге. Биыл 9 айда сот судьялары барлы­ғы 303 іс бойынша тараптарды тату­лас­тырды, 156 063 717 теңге­ден ас­там мемлекеттік баж қай­тарылды. Бітімгер судья 152 іс бойынша тараптарды тату­лас­ты­рып, 60 бітім­гершілік, 92 ме­диативтік келісім жа­сады. 99340268 теңге мөлшерін­де мем­лекеттік баж қайтарылды

Тараптардың медиация мүм­кін­дік­терін пайдалана отырып, дауды сотқа жеткізбей өзара келісімге келуі соттарға да тиімді. Бұл сот жүк­темесін азайтып, су­дья­лардың ізде­нуіне, назарла­рын күрделі істерге аударуына ықпал етеді. Қорыта айтқанда, тараптардың татуласуы, бір мә­мілеге келуі, сотқа да, дау­ла­сушы тарапқа да өте қолайлы.

Бауыржан ЖАЙЖҰМАНОВ,

облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp