«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Көктайғақтың кесірі

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңірімізде қар аралас жаңбыр жауып, ауа райының күрт суы­туынан жолдарды мұз басты. Көк­тайғақтың зардабын алғаш­қылардың бірі болып, қала тұр­ғын­дары сезінді.

Соңғы үш күнде Петропавлдағы травматологиялық орталыққа 180 адам жүгінді, оның 63-і көктайғақта омақаса құлап, түрлі дене жарақат­тарын алған.

– Негізінен егде жастағы адамдар жарақат алады. Әдетте олар­дың аяқ-қолдары сынады, иық шы­ғып кетіп, көптеген жарақаттармен келеді. Үш күннің ішінде көктай­ғақ­тан жапа шеккен 3 азамат ем қа­был­дау үшін ауруханаға жатқызыл­ды. Қалғанда­рына алғашқы медици­на­лық көмек көрсетіліп, үйлеріне жіберілді, – дейді қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасы травматоло­гиялық орталығының меңгерушісі Валерий Грибашов.

Дәрігердің сөзінше, аяқ-қолдарын жарақаттаған науқастар 4-6 апта бойы үйде болуы шарт. Сондай-ақ мін­детті түрде дәрігерлердің қабыл­дауына келіп, тексерілуі тиіс.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp