Мамыр айында жолда жаяу жүргіншіні қағып кетіп, Петропавлдағы шағынаудандардың бірінде тастап кеткен ер адам сотталды.
Естеріңізге салсақ, сотталушы Мамлютка қаласынан Петропавлға келе жатып, жолда жаяу жүргіншіні соғып кеткен. Кейін қылмысын жасырмақ оймен зардап шегушіні көлі-гіне мінгізіп алып, Былғары зауыты шағынауданындағы Рыжок көшесі бо-йындағы бұталардың тасасына тастап кеткен. Жол-көлік апатынан зардап шеккен азаматты сегіз са-ғаттан кейін жергілікті тұрғындар тауып алған.
Облыстық соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, келер күні күдікті анықталып, полицияға жеткізілді. Ол Қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша сотталды.
Сот жазасын жеңілдететін мән-жайлар ескерілді. Ол алғаш рет қылмыстық теріс қылыққа барғандықтан, жас балаларының болуы және келтірілген моральдық және өзге де шығынды ерікті түрде түзету, жасалған іс-әрекетке өкінуі назарға алынды. Ауырлататын мән-жайлар-дың болмауы, қылмыстық құқық бұзушылықтың қоғамдық қауіптілігінің сипаты мен дәрежесі, жәбірленушіге келтірген моральдық зиян-ды өтейтіні, жапа шегушінің бас бостандығынан айырмау туралы өтініші ескеріліп, сот 3 жылға көлік құралын басқару құқығынан айыра отырып, бір жылға бас бостандығын шектеу түрінде жаза тағайындады.
Бір жыл мерзімге пробациялық бақылау орнатылды, 100 сағат көлемінде мәжбүрлі еңбекке тартылды, әділет капитаны атағынан айырылды.
Аманжол НҰРТАЗИН,
“Soltüstık Qazaqstan”.