«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Бас бостандығы шектелді

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Мамыр айында жолда жаяу жүргіншіні қағып кетіп, Петро­павл­дағы шағынаудандардың бірін­де тастап кеткен ер адам сотталды.

Естеріңізге салсақ, сотталушы Мамлютка қала­сы­нан Петропавлға келе жатып, жол­да жаяу жүргіншіні соғып кеткен. Ке­йін қылмысын жа­сырмақ оймен зар­дап шегушіні көлі-гіне мінгізіп алып, Былғары зауыты шағынауданындағы Рыжок көшесі бо-йындағы бұталардың тасасына тастап кеткен. Жол-көлік апатынан зардап шеккен азаматты сегіз са-ғаттан кейін жергілікті тұр­ғындар тауып алған.

Облыстық соттың баспасөз қыз­ме­тінің мәліметінше, келер күні кү­дікті анықталып, полицияға жеткізіл­ді. Ол Қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша сотталды.

Сот жазасын жеңілдететін мән-жай­лар ескерілді. Ол алғаш рет қылмыстық теріс қылыққа барған­дықтан, жас балаларының болуы және келтірілген моральдық және өзге де шығынды ерікті түрде түзету, жасал­ған іс-әрекетке өкінуі назарға алын­ды. Ауырлататын мән-жайлар-дың бол­мауы, қылмыстық құқық бұзушы­лықтың қоғамдық қауіпті­лігінің си­паты мен дәрежесі, жәбір­ленушіге келтірген моральдық зиян-ды өтейтіні, жапа шегушінің бас бостандығынан айырмау тура­лы өтініші ескеріліп, сот 3 жылға көлік құралын басқару құқығынан айыра отырып, бір жылға бас бос­тандығын шектеу түрінде жаза та­ғайындады.

Бір жыл мерзім­ге пробациялық бақылау орнатылды, 100 сағат кө­лемінде мәжбүрлі еңбекке тар­тылды, әділет капитаны ата­ғынан айырылды.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp