Өңірімізде қар аралас жаңбыр жауып, ауа райының күрт суытуынан жолдарды мұз басты. Көктайғақтың зардабын алғашқылардың бірі болып, қала тұрғындары сезінді.
Соңғы үш күнде Петропавлдағы травматологиялық орталыққа 180 адам жүгінді, оның 63-і көктайғақта омақаса құлап, түрлі дене жарақаттарын алған.
– Негізінен егде жастағы адамдар жарақат алады. Әдетте олардың аяқ-қолдары сынады, иық шығып кетіп, көптеген жарақаттармен келеді. Үш күннің ішінде көктайғақтан жапа шеккен 3 азамат ем қабылдау үшін ауруханаға жатқызылды. Қалғандарына алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, үйлеріне жіберілді, – дейді қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасы травматологиялық орталығының меңгерушісі Валерий Грибашов.
Дәрігердің сөзінше, аяқ-қолдарын жарақаттаған науқастар 4-6 апта бойы үйде болуы шарт. Сондай-ақ міндетті түрде дәрігерлердің қабылдауына келіп, тексерілуі тиіс.
Аманжол НҰРТАЗИН,
“Soltüstık Qazaqstan”.