«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Рухани азық

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жамбыл ауданының Са­фуан Шаймерденов атын­да­ғы орталықтандырылған кі­тапхана жүйесінде осы сала мамандарының кәсіби мере­ке­сі аталып өтті.

Ауданның кітапхана ісін дамытуға қосқан елеулі үлесі мен адал еңбегі ба­ғаланып, “Қазақстанның құрметті кітапха­на­шысы” төсбелгісімен осы салада қы­рық жылдан астам қызмет етіп келе жатқан Надежда Безру­кова, облыс­тық мәдениет басқарма­сының Алғыс хатымен Айнагүл Мағ­жанова, аудан әкімінің Алғыс ха­тымен Светлана Бо­кушева, Қарлы­ғаш Мағзұмова мара­патталды.

– Кітапхананың тіршілігі­не жан беретін, ұлттық құндылықтар мен оқырмандар арасын байланыс­ты­ратын кітапханашының еңбегі ба­ға­ланғанына ризамын. Әріптесте­рі­ме кәсіби шеберлік пен парасат­ты­лық, еңбектеріне шығармашылық та­быс тілеймін, – деді Надежда Без­рукова.

Салтанатты шара аудандық Мә­дениет үйінің өнерпаздары дайын­даған концерттік бағдарламаға жалғасты.

Самрат ҚҰСКЕНОВ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp