«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Ізгі достық

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Президент “Әділетті Қазақстан­ның экономикалық бағдары” Жол­дауында әрбір азаматымыз, әсіре­се, жастар ең жақсы қасиеттерді бойына сіңіру қажеттігін алға тар­тып, әркім отаншыл, білімпаз, ең­бекқор, адал, әділ, үнемшіл әрі жа­на­шыр болса, алынбайтын асу жоқтығын ескертті. Қазақстан – жалғыз Отанымыз. Оның іргесінің берік, ке­регесі кең, төрт құбыласы түгел болуы – өз қолымызда. Қасым-Жомарт Кемелұлы әрбір азаматты осы қасиетті парыздарды адал атқаруға шақырып, берекелі бірлігімізді сақ­тап, табанды еңбек ете отырып, ба­балар аманатына деген адалдықтан таймауға шақырды. Елімізде ішкі саясаттың негізгі бағыттарының бірі республика тұрғындары арасында бейбітшілік пен этносаралық келі­сім­ді қамтамасыз ету болып табы­лады. Бұл орайда конституциялық мәртебесі мен өкілдігі бар Қазақстан халқы Ассамблеясы ерекше рөл ат­қаратыны даусыз. Бүгінгі таңда ұлт­тық-мәдени орталықтарды, этнос өкілдерін біріктіретін бұл саяси құ­рылымның топтар мен мүдделер арасындағы тепе-теңдікті сақтау жолындағы тәжірибесі үлгі етуге тұрарлық. Екінші жағынан, институт билік пен этнос арасындағы диалог алаңы іспеттес. Этностардың проблемаларын жоғары билік деңгейіне жеткізіп, шешу мүмкіндіктері мол.

Ассамблея қоғамның әлеуметтік жаңғырту үдерістеріне де белсене араласып, білім берудің, денсаулық сақтаудың жаңа жүйесін дамытуға, ел этностарының мәдениеті мен дәс­түрлерін сақтауға, ұлттық-мемлекеттік бірегейлікті қалыптастыруға, мемлекеттік тілді, халықтың толе­ранттылығы мен бірлігін сақтау арқы­лы мемлекеттік тәуелсіздікті нығайтуға зор үлес қосып келеді.

Биыл Қазақстан халқы облыс­тық ассамблеясының өкілдері кәсіп­орындардың, білім беру, денсаулық сақтау мекемелерінің ұжым­дарында болып, этносаралық және конфессияаралық келісімді наси­хаттау бойынша жүйелі жұмыстар­ды одан әрі жалғастырды. Этномә­дени бірлестіктер мен этнос өкілде­рінің мемлекеттік тілді меңгеруіне ерекше кө­ңіл бөлін­ді. Мемлекеттік тілді үйре­ніп жүрген және жетік меңгерген өзге ұлт өкілдерінің қатысуымен “дөңгелек үстелдер”, тіл фестиваль­дерін, конкурстар өткізу дәстүрге ай­налды. Жас ұрпаққа мәдениетара­лық диалог, достық және ынтымақ­тастық қағидаттарын қалыптастыру мақсатында тренингтер, дәрістер, семинарлар мен конференциялар өткізілді.

Солтүстік Қазақстан көп этносты өңірлердің бірі саналады. Ассамб­леяның алдағы қызметі бейбітші­лікті, достық пен ізгілікті нығайтуға бағытталып, ұлттық бірлік пен қо­ғамдық келісімнің озық үлгілері ке­ңінен насихатталатын болады. Достық пен ниеттестік қағидаттары – бұлжымас мақсатымыз.

Айым МҰҚЫШЕВА,

“Қоғамдық келісім” КММ-нің бас сарапшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp