«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАУІПТЕН ҚОРҒАУ – ҚҰТҚАРУШЫҒА МІНДЕТ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхам­бетов Петропавл қаласындағы бір­неше кәсіпорынды аралап, жағ­дайы­мен танысты.

Құтқарушылар мен өрт сөндіру­шілерді арнайы жабдықтармен және қуатты техникамен жарақтандыру жақсарып, материалдық-техникалық база нығайып келеді.  Соңғы 3 жыл­да өрттерді сөндіру, төтенше жағ­дайларды жою, апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізуге жергілікті қа­зы­надан 860 млн. теңге бөлінді. Өрт сөндіру бөлімдерінің қызметкер­ле­ріне сегіз автокөліктің кілті табыс етілді. Сондай-ақ көлік және су тех­никасы, өрт-техникалық және құтқа­ру жабдықтары сатып алынды, өрт сөндіру бөлімшелерінің ғимаратта­рына күрделі жөндеу жүргізуге жоба­лық-сметалық құжаттама әзірленді.

Өңір басшысы “Береке” шағын­ау­­да­­нында салынып жатқан “өрт сөн­діру депосы” кешенінің құрылыс ау­мағына барды. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Ерік Сарыбаев облыс орталығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағы­тын­да атқарылып жатқан шаралар туралы айтып берді.

Депоға 4 өрт сөндіру көлігіне ар­налған бокс, бөлімнің өрт сөндіруші­лерінің жұмысы мен демалысына қа­жетті үй-жайлар, қызметкерлерге ар­налған баспана кіреді. Жобаның құны 1 млрд. теңгеге жуық, келесі жылы күзге салым пайдалануға беріледі. Бұл бас шаhардың 27000-нан астам тұрғыны бар  оңтүстік-шығыс бөлігін өртке қарсы сенімді қор­ғаумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл аймақта алты орта мектеп, үш балабақша, 1700 тұр­ғын үй, бір ауысымда 250 адам қа­былдай­тын емхана, ондаған кәсіп­орын мен жеті мұнай базасы ор­наласқан. Бұдан бөлек, жақын және алыс шетелдердің көліктерінің үлкен транзитін өткізетін республикалық және жер­гілікті маңызы бар авто­жол сияқты маңызды объектілер кіреді.

Ғауез Нұрмұхамбетов адамдарды түрлі қауіп-қатерлерден қорғау ат­қарушы органдар жұмысының басты бағыты болып табылатынын қадап айтты. Салынып жатқан кешенді қа­рап, құрылыс салу­шы компания, ком­муникациялар мен жол инфрақұры­лымына жауапты ұйым­дар өкілдері­мен әңгімелесті. Нысан­ды уақытын­да пайдалануға беру жайлы айтыл­ды. Өрт­тер мен төтенше жағдайлар­дың алдын алу деңгейін арттыру, жа­уапкершілікті күшейту мәселеле­ріне назар аударылды. Кешен пайдала­нуға берілсе, тұрғындардың өмір сүру жа­йына оң әсер ететіні атап өтілді.

“Зенченко және К” командиттік серіктестігі сүт өнімдерін өндіруде  көшбасшылар қатарында. Мұнда мал басының генетика­лық көрсеткі­шін жақсарту, жемшөп қорын молай­­ту ғылыми негізде жүргізіледі. Ғауез Торсанұлы серіктестіктің сүт зауы­ты­на соқты. Құрал-жабдықтардың не­гізгі бөлігі Германиядан әкелі­ніп, өндіріс аумағы 3 мың шаршы метрге кеңейтілген. Сүт өн­дірудің жылдық қуаттылығы 1,5 есеге дейін артатын болады. Мемлекет­тік қол­дау өнді­ріс­ке үлкен серпін беріп отыр.

“Казмяспродукт” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі шығаратын шұ­жық өнімдері мен деликатестер де үлкен сұранысқа ие, республиканың өзге қалаларына да жөнелтіледі. Же­ңілдікті бағдарламаларға қатысу ар­қылы цехтар жаңартылған, барлық жұ­мыс жүйесі автоматтандырылған, озық технологиялар арқылы атқары­лады.

“Петропавл бройлер” құс фабри­ка­сы іске қосылса, 80 адам тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілмек. Оған құйылған инвестиция мөлшері – 2,5 млрд. теңге. Толық қуатына қо­сылған кезде жылына 10 мың тон­наға дейін құс еті өндірілмек.

Ғауез Торсанұлы жұмыс сапары­ның соңында “Әлем Астық Экспорт” ЖШС-да болды.

Дарья ПЫШМЫНЦЕВА.

Суретті түсірген

Самат БАЙҒАЗЫ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp