«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“ҚУАНЫШТЫҢ” ТАРИХИ ЖЕҢІСІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Волейболдан әйелдер командалары арасында Қазақстан ку­бо­гы сарапқа салынды. Финалда солтүстікқазақстандық “Қуа­­ныш” клубының бұрымдылары алматылық қарсыласта­ры­мен кездесіп, тарихи жеңіске қол жеткізді.

Облыс волейбол тарихында тұң­ғыш рет ел кубогын иеленген “Қуа­ныштың” қыздарын өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов әлеуметтік желідегі жеке парақшасында құттық­тады. “Биыл “Қуаныш” клубы Қа­зақстан кубогында атой салды. Жер­лестеріміз “Алматы” команда­сының қыздарын 3:1 есебімен тізе бүктірді. Бұл – солтүстікқазақ­стан­дық спортшылардың тарихи жеңісі. Ко­манда ұжымын шын жүректен құттықтай­мын”, – деп жазды Ғауез Торсанұлы.

Бұған дейін “Қуаныш” клубы бірнеше рет жүлдегерлер қатары­нан көрінген. Мәселен өткен жылы жер­лестеріміз “Алтай” командасына есе жіберіп, күміс медальды місе тұтқан еді. Биыл солтүстікқа­зақ­стандық бұрымдылар кеткен есені қайтарды.

– Ел кубогы біз үшін алынбас қа­мал болып келген еді. Енді бұл жүлдені де жеңіп алдық. Қараша айында Қазақстан біріншілігі бас­талады. Алғашқы тур Петропавлда өтеді. Бұл сыннан да сүрінбей өтіп, чемпион атануға барымызды сала­мыз, – дейді “Қуаныш” клубының ди­рек­торы Қайырбек Хамзин. 

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp