«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қызылша өршіп тұр

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Биыл өңірде қызылша­ның зертханалық растал­ған 23 жағдайы тіркелді. Өт­кен айдың соңында 18 адам емделіп шықса, 4 адам әлі ем қабылдап жатыр.

Өңірімізге БАӘ, РФ және Қыр­ғызстаннан келген үш азаматтан қызылша ауруы расталған. Сондай-ақ облыс орталығында 18 адам ауы­рып, ауданда екі науқастың қызылша жұқтырғаны анықталды. Нау­қас­тар – Мағжан Жұмабаев, Аққа­йың, Мамлют және Жамбыл аудан­дарының тұрғындары. Қызыл­шамен ауыр­ған­дардың ең көбі 14 жас­қа дейінгі балалар арасында тіркелді.

– Науқастардың 59 пайызы же­ке сенімі бойынша қызылшаға қар­сы екпе салдырмаған. Ал ауырған­дар­дың 4 пайызы екпе салу жасына жетпеген, – деді облыстық санитар­лық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Әсет Жұ­матаев.

Қызылшадан кейін науқастың иммунитеті төмендеуі мүмкін, бұл асқынулардың дамуына және со­зылмалы аурулардың өршуіне негіз болады. Қызылшаның алдын алу­дың негізгі тиімді құралы – вакци­нация. Қызылшаның белсенді им­мунопрофилактикасы үшін вакцина қолда­нылады. Ол баланың 12-15 айлы­ғынан бастап егіледі. Ревак­цинация вакцинация сияқты алты жылда бір рет, мектепке барар ал­дында жүр­гізіледі.

Меруерт КЕҢЕСБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp