«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ДАЛА ҚАЗЫНАСЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде өңіріміз­де жүргізілген кешенді ғылыми зерттеулердің алғашқы нәтижеле­ріне арналған “дөңгелек үстел” өтті. Экспедиция Ғылым және жоғары білім министрлігінің “Мәдени-тарихи үрдіс контекстіндегі Солтүстік Қазақстан: тас дәуірінен бастап этнографиялық бүгінге дейін” жобасы аясында жүргізілуде. Зерттеу жұ­мыстары өңірімізден бөлек көрші­лес Қостанай, Павлодар облыста­рын да қамтыған. Зерттеу топтары даламызда жүргізілген қазба жұ­мыс­тары нәтижесінде тас, темір дәуіріне жататын құнды жәдігерлер, бірқатар ғимараттардың орнын тап­қан. Ғалымдар бұл жаңалықтардың отандық ғылымның жаңа бағытына айналарына сенімді.

– Бұл этноархеологиялық зерттеулер барысында бағыт бойынша ру-тайпалардың көші-қон қоныста­ры, қыстақтары, қорымдары мен ме­шіттері қарастырылды. Нәтижесін­де 50-ден аса тастан жасалған үй­лер, 3 көне мешіт пен 3 қорым анық­талды. Сонымен қатар өңірімізде мезолит-неолиттік “Виноградовка-2” тұрағы, ерте темір дәуірінің “Бе­ре­­зовский” және ортағасырлық “Си­мо­­новка-11” кешені зерттелді. Жал­пы экспедициялар облыстың 7 ауда­нында өтті, – дейді Ә.Марғұлан атын­дағы археология институты­ның жетекші ғылыми қызметкері Жан­бо­лат Өтебаев.

Көктем мен күз арасында 3 т­оп Айыртау, Есіл, Жамбыл, Мам­лют, Ти­мирязев, Шал ақын және Ға­бит Мүсірепов атындағы аудандарда жұ­мыс жүргізді. Барлау-іздестіру жұ­мыс­тарына жергілікті универси­тет оқытушылары мен студенттері да атсалысты. Нәтижесінде 300-ге жуық тарихи-мәдени ескерткіш хат­қа тү­сірілді.

Диана ХАЛИМОВА,

М.Қозыбаев атындағы СҚУ-дың медиа орталығының бас редакторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp