«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АУЫЛДАҒЫ ӨНДІРІСТІҢ ӨРІСІ КЕҢ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов жұмыс сапарымен Тайынша ауданына барды. Тайынша – өнеркәсіпті дамытуға күш салып жатқан ауданның бірі. Өңір басшысы бірнеше елді мекенді аралап, әлеуметтік маңызы бар нысандардың жұмысын көрді.

Облыс әкімі барған алғашқы елді мекен – Келлеровка ауылы. Тоғыз жолдың торабында – Петропавл мен Көкшетау қалаларының арасында орналасқан ауылда биыл шілде айында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы басталды. Бұл ғимараттың ішінде шағын футбол, волейбол, баскетбол және күрес залы ашылады деп жоспарланған. Жоба құны – 335 млн. теңге. Бұл кешенді “ALTYN LTD” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі салып жатыр. Қазіргі таңда құрылыс алаңында 23 адам жұмыс істеуде.

“Кешеннің төбесін жауып жатырмыз. Бірінші қабаты толық дайын, ішкі әрлеу жұмыстарын да жүргізіп болдық, енді еденін төсеу ғана қалды”, – дейді “ALTYN LTD” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Сәкен Идиятов.

Бұдан кейін өңір басшысы Ильичевка ауылына барды. “Тайынша Май” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры Фан Лунфэймен кездесіп, кәсіпорынның тыныс-тіршілігін көрді. Аудандағы өнеркәсіп саласындағы маңызды нысандардың бірі – “Тайынша май” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің май зауыты. Зауыт жылына 300 мың тонна май өндіре алады. Қазіргі таңда серіктестікте 87 адам жұмыс істейді.

“Тайынша Май” зауыты 2017 жылдан бері жұмыс істейді. 6 жыл 10 айдың ішінде 80 мың 200 тонна май шығарды. Бұл жерде біздің ауданның тұрғындары еңбектенеді”, – деді облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Мейрам Меңдібаев.

Ғауез Торсанұлы Ильичевка ауылындағы су тарату желісінің құрылысымен де танысты. Аймақ ауылындағы “MEMOLUX” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде де болды. Бұл кәсіпорын астықты кептіру және оны жөнелтумен айналысады. Қазіргі таңда инвестициялық жоба бойынша серіктестік құрама жем зауытының, диірмен кешенінің және астық қоймасының құрылысын бастады. Жобаның жалпы құны – 6,8 млрд. теңге. Елу жаңа жұмыс орны ашылады.Компания қойма сыйымдылығын 300 мың тоннаға дейін ұлғайтып, 1 миллион тоннаға жуық астық пен өңделген өнімді экспорттауды жоспарлап отыр.

“MEMOLUX” – 2017 жылдан бері жұмыс істейді. Бұл кәсіпорын астық дақылдарын қабылдайды және оны сатады. Осы облыстағы шарушалықтар бұл жерге өз астықтарын өткізеді. Қазіргі таңда мұнда 50-ден астам жергілікті тұрғын еңбек етеді”, – дейді Мейрам Меңдібаев. 

Өңір басшысы жұмыс сапарының соңында Тайынша қаласындағы орталық қазандықтың жылыту маусымына дайындығын көрді. Бұл қазандық 2006 жылы салынған.

Ұлан ЫДЫРЫС.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp