«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КӨРЕРМЕН КӨҢІЛІНЕН ШЫҚТЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Сәбит Мұқанов атындағы қазақ сазды драма театры “Кукарача” спек­таклін көрермендер назарына ұсын­ды. Грузин жазушысы Н.Дум­бадзенің кейіпкерлерін қазақша сөй­леткен Барзу Абдуразза­ковтың ре­жиссерлігімен сахналанған “Кукара­ча” қойылымындағы тоғыз әртістің өнері көпшіліктің көңілінен шықты.

– Осы жылдың шілде айында Гру­­зия мемлекетінің Озургетти қа­ласын­да өткен Нодар Думбадзе атындағы IV халықаралық театр фестивалінде “Кукарача” спектак­лімен қанжыға­мыз­ды майлап, “Ең үздік интерпре­та­ция” аталымында үздік атандық. Ин­га рөлін сомдаған театр актрисасы Жа­­нар Насырова қазылар алқасы­ның шешімімен “Үз­дік шетел актриса­сы” атанғаны бел­гілі. Бұл – біз үшін үлкен жетістік. Шетелдік өнер тар­ландары­мен тә­жірибе алмасып, ең­бектері жо­ғары бағаланғаннан кейін әртістері­мізде шығармашылық ша­быт пайда бол­ды, – дейді театр ди­ректоры Бір­жан Жалғасбаев.

Психологиялық қойы­лымның ре­жиссерлік тұжырымы, ойды нақты жеткізуі мен актерлік шеберлігі көрермендерді бейжай қалдыр­мады.

– Өз рөлімді сахнаға шығару үшін алты-ақ күн дайындалдым. Қай рөл болмасын, өз ерекшелігімен ел есін­де қалады. Инга – театр қор­жынына олжа салған ке­йіпкер. Оны қалай ойнағанымды ха­лық бағалай жатар. Өнерпаздың мақ­саты – өнер­сүйер қауымның қала­ғанын жеткізе білу, – деді Жанар Насырова.

Самрат ҚҰСКЕНОВ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp