«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Сәбең сыйлаған қалам

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық тарихи-өлкетану му­зейінде ақын Ғалым Малдыбаевтың қаламы бар. Аталмыш жәдігерді қа­ламгердің баласы Шашубай Мал­дыбаев табыстаған.

Әкесінің жазу үстелі басында қа­лам ұстап, қағазға қарап отырған сәт­тері әлі күнге дейін Шашубай аға­мыз­дың көз алдында. Өмірінің соң­ғы жыл­дарын Сергеевка қаласында өткізген Ғалым Рахметұлы бір бөлмені жеке жазу кабинеті етіп, шығармашылық кезеңдерін өткізді.

– Музейге 1984 жылы табыста­ған қаламның ерекше тарихы бар.  Жаз айла­ры­ның бірінде Сәбит Мұқа­нов Қы­зылжарға келгенінде әкемді шақыр­тып алды. Сол кездесуге мен де еріп бардым. “Ленин туы” газетінің редак­ция­сын­да кездесу ұйымдас­тыры­лып, ауылдардағы жас ақын-жа­зу­шы­лар, тілшілер жиналды. Ре­дак­то­ры Балта­бек Асанов, облыс­тық пар­тия коми­тетінің хатшысы Ілияс Ома­ров қатысып, алқалы жиын өтке­ні әлі есімде. Бөлменің бір бұрышын­да үндемей, әңгімелерін тыңдап отыр­дым. Отыз жылдан астам дос­тықты бағалаған Сәбең жиын бары­сында үстел үстін­де жат­қан қалам­ды редактордың рұқ­сатын алып: “Мен мына қаламды Ға­лымға сый­ла­ғым келіп отыр. Шал­ғай­да жатқан ауыл­дағы ақынның қолына жақсы қалам­сап түсе бермейді. Осы­ны ес­керіп, осындағы қалам­герлер­дің, жер­лес­те­рінің атынан бұл бір ес­керткіш бол­сын!” – деп әкем­нің қолы­на табыста­ған­да жігіт­тердің бірі “Са­уыты қай­да?”, – дейді. Сонда Балтабек Асанов ағамыз үстелінде тұрған қо­ладан әлде, мыстан жасалды ма, нақты біл­меймін, әй­теуір бір сауытты Ілияс Ома­ровтың қолына берді. Ілияс аға­мыз: “Бізден де естелік болсын, Ға­леке! Елге ала кетіңіз!” – деген еді.

Сол қаламмен әкем очерктер, по­вестер, өлеңдер, поэмалар, естелік­тер, хабарлар жазып, шығармашы­лық табыстарға қол жеткізді, – дейді Шашубай Ғалымұлы.

Самрат ҚҰСКЕНОВ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp