«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жастарға сыйлық

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жамбыл ауданындағы Прес­но­редуть ауылында шағын футбол алаңы қолданысқа берілді. Жа­сан­ды алаң құрылысына жергілікті бюджеттен арнайы қаржы бөлін­ген. Енді ауыл балалары мұнда келіп, спортпен шұ­ғылдана алады.

Пресноредуть ауылының тұр­ғындары елді мекендегі оң өзгеріс­терге риза. Мердігер компания жұ­мысын тиянақты орындап, тіпті  жас­­­тарға сыйлық ретінде киім ауыстыру бөлмесін де салып берген.

Жаңадан бой көтерген шағын фут­бол алаңы енді жастардың сүйікті орнына айналары сөзсіз. Пресноредуть ауылдық округінің әкімі Баймағамбет Қайыровтың айтуынша, ауыл жастары спортқа жақын, оларға тек қолдау көрсету қажет.

– Бұл жерде біздің мектептің оқушылары кешке дейін ойнайды. Ау­дан әкімдігіне алғысымды біл­діремін. Құрылыс шілденің аяғы­нан басталды, тамыз айында жа­уын-шашын болғандықтан жұмыс­қа кедергі келтірді, – дейді Байма­ғамбет Қайыров.

Жалпы Жамбыл ауданы бо­йынша спортпен жүйелі түрде айналысатын азаматтардың үлесі – 41 пайыз. Олар бос уақыттарын тиімді өткізу үшін барлық жағ­дай жасалуда. Жамбыл ауданы­ның ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің бас маманы Сергей Березиннің ай­туынша, биыл Баян, Архангелька, Благовещенка және Пресноредуть ауылдарында 4 шағын футбол алаңы бой көтерді. Сонымен қа­тар аудан орталығында спорттық кешен салынды.

Самрат ҚҰСКЕНОВ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp