«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жол апаты жиілеген

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық полиция департамен­тінің бастығы, полиция полковнигі Айдын Қабдұлдинов журналистер­мен жүздесті. Бұл жолы өңірдің бас тәртіп сақшысы жергілікті полиция қызметінің жұмысына тоқталды.

– Ішкі істер органдары құрылы­мындағы маңызды бөліністің бірі жергілікті полиция қызметі болып та­былады. Оның міндеті – құқық бұзу­шылық профилактикасы, қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыстық құқық бұ­зушылықтың алдын алу мен жолын кесу, сондай-ақ жол қозғалысы қа­уіпсіздігін қамтамасыз ету. 2023 жыл­ғы он айдың қорытындысы бо­йын­ша мақсатты профилактикалық жұ­мыс нәтижесі қылмыс санын 21,0 пайыз­ға азайтуға мүмкіндік берді. Қыл­мыс­тың ауыр түрі 15,8 пайызға тө­мендеді, – деді ведомство бас­тығы.

Жергілікті полиция қызметі жұ­мы­сының маңызды бағытының бірі – жасөспірімдер қылмысының ал­дын алу мен ескерту, балаларды қа­раусыз және қадағалаусыз қалдыру фактілерінің жолын кесу, оның ішін­де оларға қатысты жасалған қыл­мыс­тарды анықтау болып табыла­ды. Он айдың ішінде кәмелетке тол­мағандар 32 қылмыс жасаған. Оның ішінде елді дүрліктіргені №4 мектептегі жағдай бар. Кәмелеттік жасқа толмаған бала қатарластарына ауыр дене жарақатын салды. Қазір қылмыстық іс сотқа жолданды.

Өкінішке қарай, өңірде жол-көлік оқиғалары жиілеп кеткен. Соңғы он айда осындай 327 жағдай тіркелген. Салдарынан 39 адам қаза тапқан, 463 адам жарақат алған. Айдын Тоқтарұлы жалпыға ортақ ережені бұзушыларды атады.

– Жол қозғалысы ережелерін жаяу жүргіншілер, рөлге мас күй­де отырғандар және жылдамдық ре­жімін сақтамағандар бұзады. Бұл үшеуі жолдағы қайғылы оқиғаның негізгі факторы болып отыр. Біз жол-көлік оқиғасын азайту және оған жол бермес үшін заңнама аясында бар­лық қажетті шараларды қабылда­уы­мыз қажет, – деді Айдын Қаб­дұл­динов. Жыл басынан бері өңі­рімізде 60 мыңға тарта адам жол ере­жесін бұзғаны үшін жауапқа тар­тылыпты. Олардың 25 мыңнан ас­тамы өрескел құқық бұзушылыққа жол бер­ген. Сонымен қатар 1 мыңға жуық адам мас күйде рөлге отырған.

Баспасөз мәслихаты бары­сын­да облыстық полиция департаменті­нің бастығы, полиция полковнигі Ай­дын Қабдұлдинов журналистердің сұрақтарына жан-жақты жауап берді.

Нұрбек БАЕКИН,

облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің инспекторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp