«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАУІПСІЗДІККЕ АЙРЫҚША НАЗАР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов облыстық полиция департаментінің материалдық-техникалық базасымен танысты. Облыс әкімі жедел басқару орталығында болып, қызметтік автокөліктерді қарап шықты, содан кейін ведомстволық музейге барды.

 Қызметкерлердің кәсібилігі облыс тұрғындары мен қонақтары үшін жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тікелей әсер етеді. Жақында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында патрульдік полиция батальонының қолданысына “Кибер-шериф” деп аталатын заманауи екі мобильдік борттық аппараттық-бағдарламалық кешен берілді. Құрылғылар патрульдік автокөліктердің төбесіне орнатылады және жол жүру қағидаларын бұзушыларды автоматты түрде тіркейді.

Полицейлер қару-жарақ пен арнаулы құралдарды, жедел-криминалистикалық басқарманың жарақтандырылуын, криминалистік зертхана мен  қызметтік автокөліктерді көрсетті.

Жедел басқару орталығында облыс әкімін бейнебақылау камераларының, “102” мобильді қосымшасының мүмкіншіліктерін, сондай-ақ кез келген ауа райында патрульдік полиция пайдаланатын кеудеге тағылатын бейнетіркегіштердің жұмысымен таныстырды. Ғауез Нұрмұхамбетов полицейлердің жалпы дайындығына оң бағасын беріп, заманауи техникамен және ресурстармен  жарақтандыруды кезең-кезеңмен нығайту қажет екенін атап өтті.

Юрий КЛЫКОВ,

облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің инспекторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp