Жезқазған-Петропавл республикалық маңызы бар автожолында “Тойота Камри” және “Део Нексия” көліктері соқтығысып қалған. Салдарынан екі көлікте болған жеті адам зардап шекті. Оқиға орнына келген “Жедел жәрдем” қызметі оларға алғашқы медициналық көмек көрсетіп, кейін үйлеріне жіберді.
Көлік жүргізушілері медициналық куәландырудан өткізілді, екеуі де спирттік ішімдік ішпеген. Ал олардың көліктері арнайы автотұраққа қойылды. Жол-көлік оқиғасы көлік құралдарын басқарған адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзудан абайсызда адам денсаулығына ауыр зиян келтіруге әкеп соққан іс-әрекет фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу жүріп жатыр.
Әсет ҚАНАФИН.