«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Бабалар өсиетін орындау – басты парыз

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Бас қаламызда түбі бір түркі жұрты ғана емес, төрткүл дүние назар аударған басқосу болды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Түркі мемлекеттері ұйымының мерейтойлық Х саммитінде ел президенті түркі интеграциясының тамырын тереңдетіп, бауырлас халықтардың бірлігін бекемдеуге қатысты бірқатар ұсынысын ортаға салды. “Түркі дәуірі!” ұранымен ұйымдастырылған ауқымды іс-шараның маңыздылығы да осында – бауырлас халықтардың болашаққа деген сенімін нығайтып, қарым-қатынасын жан-жақты жандандыруға жол ашу.

Басқосуды ашқан Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жоғары деңгейдегі жиынға қатысу үшін түркі халықтарының қасиетті қарашаңырағы – Қазақстанға арнайы келген мемлекеттер басшыларына айрықша ілтипат білдіре келіп, еліміздің бастамасымен құрылған Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесі қазір толыққанды, беделді халықаралық ұйымға айналғанына назар аударды.

– “Түркі əлемінің келешегі-2040” атты құжат бекітілді. Ең бастысы, бауырлас елдердің бірлігін бекемдей түстік. Ортақ құндылықтарымызды төрткүл дүниеге таныттық. Біз бабалар өсиетін орындап, түркі елдерінің ынтымағын нығайтып келеміз. Ендігі мақсат – өзара сенімге жəне бауырластыққа негізделген бірлігімізді сақтап, өскелең ұрпаққа табыстау. Түркі əлемі жаһандық ықпалы бар елдермен тең дəрежеде қарым-қатынас жасап отыр. Басқа мемлекеттер біздің ұйымның ұстанымдарына баса мəн беретін болды. Сондықтан түркі халықтарының ықпалдастығын арттыра түсу – бəрімізге ортақ міндет, – деді Мемлекет басшысы.

Бұдан кейін Президент еліміздің Түркі мемлекеттері ұйымын одан əрі дамытуға мүдделі екенін айта келіп, Қазақстанның Ұйымға төрағалығы “Түркі дəуірі!”, яғни, “TURKTIME!” ұранымен өтетінін жеткізді. Бұл ретте Мемлекет басшысы  салт-дəстүр (Traditions), біріздендіру (Unification), реформалар (Reforms), ғылым (Knowledge), сенім (Trust), инвестиция (Investments), медиация (Mediation), энергия (Energy) атты сегіз мəселеге басымдық беретінін атап өтіп, олардың əрқайсысына жеке-жеке тоқталды.

Президенттің айтуынша, түркі бірлігін дəріптеудің маңызы зор. Өйткені біздің тарихымыз, мəдениетіміз, тіліміз, діліміз ортақ. Осыған байланысты Түркі мемлекеттері ұйымының, оның құрылымдарының туларын жəне эмблемаларын бір үлгіге келтірген жөн.

– Бүгін өздеріңізге ұсынылған эскиздерді бірге қарап, ортақ шешім қабылдаймыз. Бұл тарихи сəт болмақ. Тарихтан сыр шертетін ортақ мұрағатты зерттеп, ұрпаққа ақиқатты жеткізу – біздің парызымыз. Құзырлы органдарымызға беймəлім деректерді бірлесіп зерделеуді тапсыруды ұсынамыз. Бұл, шын мəнінде, маңызды жұмыс болмақ, себебі ортақ тарихымызда əлі де толық зерттелмеген ақтаңдақтар бар. Сондай-ақ елдеріміздің телехикаяларын өзара насихаттау маңыз ды. Əсіресе балаларға арналған анимациялық фильмдерді көбірек таратқан жөн. Бұған əлеуметтік желіні пайдалану, танымал медиа тұлғаларды жұмылдыру керек деп есептейміз.

Сол арқылы жастарымызды рухани тұрғыдан жақындастыруға мүмкіндік туары сөзсіз, – деді Президент.

Ортақ қауіпсіздігіміздің сенімді кепілі

Қасым-Жомарт Тоқаев түркі мемлекеттерінің қатар дамуы өте маңызды деп санайды. Бұл ретте Президент Ұйымға мүше елдердің стандарттары мен терминология-сын жүйелеуді ұсынды. Сондықтан модельдік заң жобасын қысқа мер-зім ішінде қарап, оны мақұлдауға шақырған Қасым-Жомарт Тоқаев:

– Бұл бастама тауарларымызды ортақ нарыққа еркін шығаруға жол ашады. Ал бірыңғай стандарттар ішкі жалпы өнімді жыл сайын ша-мамен 1 пайызға арттыруға мүм-кіндік береді. Қазір елдеріміздің ішкі жалпы өнімі 1,4 триллион долларға жуықтады. Биыл ұйым мүшелері арасындағы тауар айналымы 22 миллиард доллардан асты. Ортақ талаптар бекітілсе, бұл көрсеткішті 1,5 есе ұлғайтуға болады. Бұдан бөлек, Түркі мемлекеттері ұйымы-ның Референттік орталығын құрған жөн деп санаймын. Бұл орталық өнімді сынау нəтижелерін өзара тануға, сондай-ақ химия жəне тамақ өнеркəсібі салаларында жаңа зерт-теулерді жүргізуге мүмкіндік береді, – деді.

– Түркі мемлекеттері ұйымы жа-нындағы Тұрақты өкілдерімізді таға-йындау мəселесін тезірек шешуге шақырамын. Сондай-ақ хатшылық қызметкерлерінің санын көбейту ту-ралы ұсынысты қолдаймыз. Түркі мемлекеттерінің сайлау саласын-дағы ынтымақтастығын нығайту қа-жет. Орталық сайлау органдарының консультативтік кеңесін құруға бо-лады. Соңғы кезде біздің ұйымға ха-лықаралық жəне аймақтық құрылым-дардың қызығушылығы арта түсті. Біз Экономикалық ынтымақтастық ұйымына байқаушы мəртебесін беру туралы бастаманы қолдаймыз. Со-нымен қатар Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымымен ын-тымақтастық орнатуды ұсынамыз, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев ғылыми əріптестік арқылы білім жəне ғылым саласындағы ынтымақтастықты ны-ғайту аса маңызды екеніне назар ау-дарды. Бұл орайда Президент Ұйым-ға мүше елдердің басшыларына əлемдегі үздік университеттердің филиалдары мен тіл үйрететін бө-лімдер ашуды, бірлескен ғылыми шаралар өткізіп, тəжірибе алмасуды, сондай-ақ жасанды интеллектіні, цифрлық жəне аэроғарыш өнеркəсі-бін дамытуға ерекше назар аудару-ды ұсынды.

Мемлекет басшысының пікірін-ше, қазіргідей халықаралық ахуал тұрақсыз, алмағайып кезеңде түркі жұртының бірлігін бекемдей түсу маңызды.

– Бұл – ортақ қауіпсіздігіміздің се-німді кепілі. Қару-жарақ жəне есірткі саудасына, терроризм мен экстре-мизмге, көші-қонға қатысты сын-қатерлер көбейді. Мұндай қауіптер-дің алдын алу үшін қауіпсіздік са-ласындағы ынтымақтастықты ны-ғайтуымыз керек. Осы орайда мен келесі жылы Астанада мемлекетте-ріміздің Қауіпсіздік кеңесі хатшыла-рының 3-отырысын өткізуді ұсына-мын. Түркі мемлекеттерінің қаржы-лық тергеу органдары арасында қылмыспен бірге күресу жəне ақпа-рат алмасу туралы келісім жасау ма-ңызды, – деді Қасым-Жомарт То-қаев.

Медиацияның рөлін арттыру қажет

Мемлекет басшысы инвести-цияны алтыншы басымдық ретінде атады. Əріптестерін аймақтар ара-сында сауда-саттықты кеңейтіп, эко-номикаға қаржы құюға баса мəн бе-руге шақырды. Мемлекет басшысы-ның айтуынша, бұл істе Түркі ин-вестициялық қоры ерекше рөл атқа-рады.

– Тұрақты экономикалық байла-ныстарды нығайту үшін “жасыл қар-жы” нарығын дамыту қажет. Қазақ-стан “Түркі “жасыл қаржы” кеңесін” құруды ұсынғанын білесіздер. Ас-тана қаласына Түркі əлемінің Қаржы орталығы мəртебесін беру туралы бастама қолдауға ие болды. Сіз-дерге шынайы алғысымды айтамын, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың ай-туынша, айналамызда күрделі ахуал қалыптасқан қазіргі кезеңде медиа-цияның да рөлін арттыру қажет. Мемлекет басшысы Ресей мен Ук-раина, Израиль мен Палестина ара-сындағы қанды қақтығыстарды, Ба-тыста белең алған заңсыз көші-қон мəселесін мысалға келтіріп, қауіп-сіздікті қамтамасыз ету басты міндет екенін айтты.

– Осы орайда Қазақстаннан Па-лестина халқына 1 миллион доллар көлемінде гуманитарлық көмек беру туралы шешім қабылдадым. Онда-ған жыл бойы шешімін таппаған өзекті мəселелерді зорлық-зомбы-лық көрсету жəне лаңкестік əдістер арқылы шешу мүлдем дұрыс емес. Қазақстан мұндай тəсілдерді қатаң айыптайды. Ахуал ушығып кетсе, оның салдары тіпті ауыр болуы мүм-кін. Бұл ретте кез келген жанжалды бейбіт келіссөз жəне дипломатиялық диалог арқылы ғана шешуге шақы-рамыз. Біз үшін əр елдің аумақтық тұтастығын сақтау жəне оның ішкі ісіне қол сұқпау – басты басымдық. Халықаралық құқық нормаларын сақтай отырып, Біріккен Ұлттар Ұйы-мы Қауіпсіздік Кеңесінің қарарларын мүлтіксіз орындау маңызды. Қазір Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің қызметі тоқырауға түскені жасырын емес. Осындай кезде Бас Ассамблеяның рөлін күшейту керек. Бұл ретте Қауіпсіздік Кеңесін рефор-малау ісінде мейлінше сындарлы болу қажет, – деді Президент.

“Жасыл энергетика” саласында бірігу маңызды

Сегізінші басымдық – энергия. Бұл мəселеге айрықша тоқталған Қа-сым-Жомарт Тоқаев еліміздің осы саладағы бастамалары жөнінде баяндады.

– Қазақстан жаңа қуат көздерін дамытуға, жаңғыртуға жəне оны тасымалдау жолын əртараптанды-руға баса мəн беріп отыр. Біз гео-логиялық барлау, қуат өндіру істе-ріне озық тəжірибені жəне техноло-гияны енгізуге айрықша көңіл бөле-міз. Мұнай-химия өнеркəсібін да-мытуға ерекше назар аударамыз. Сонымен қатар “жасыл энергетика” саласында бірлесіп жұмыс істегіміз келеді. Мен биыл Қазақстанда Ха-лықаралық энергетика форумын өт-кізуді ұсындым. Көтерілген мəселе-лерді форум кезінде кеңінен талқы-лауға болар еді. Қазақстан климат-тың өзгеруіне жəне тұрақты даму қа-ғидаттарына баса мəн береді. 2026 жылы Қазақстанның бастамасымен климат мəселесіне арналған аймақ-тық саммит өткізу жоспарланып отыр. Түркі бауырларымыз бұл бас-тамаларды қолдайды деп сенемін, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев сөзін қо-рытындылай келе, түркі мемлекет-терінің басшыларын бірлікке шақыр-ды. Қауіп-қатерлерге қарсы бірігу, өзара көмек көрсетіп, тиімді іс-əре-кет жасау маңызды екеніне назар ау-дарып, оның бəрі түркі əлемін өр-кендетуге, елдеріміздің ынтымағын арттыруға ықпал ететінін жеткізді.

Сонымен қатар саммитте ұйым-ның қазіргі төрағасы – Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Əзір-байжан Президенті Ильхам Əлиев, Қырғыз Республикасының Прези-денті Садыр Жапаров, Түркия Пре-зиденті Режеп Тайип Ердоған, Түрік-менстан Халк Маслахатының тө-рағасы Гурбангулы Бердімұхамедов, Мажарстан Премьер-министрі Вик-тор Орбан, Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысы Кубаныч-бек Өмірəлиев сөз сөйледі.

Саммит қорытындысы бойынша мемлекеттер басшылары Ұйымға бірқатар мақсат-міндет жүктеді. Бұдан бөлек, маңызды құжаттарға қол қойылды. Басқосуда Түркі ел-дерінің бірлігін күшейтуге қосқан елеулі үлесі үшін Өзбекстан Респуб-ликасының Президенті Шавкат Мирзиёев “Түркі əлемінің ең жоғарғы орденімен” марапатталды.

Жиын қорытындысының жарғы-сына сəйкес мемлекеттер басшы-лары 12 құжатқа қол қойды. Атап айтсақ, Астана актісі, Түркі мемле-кеттері ұйымы Х саммитінің декла-рациясы, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевті “Түркі əлемінің ең жоғарғы орденімен” марапаттау туралы мемлекеттер басшыла-рының шешімі бар. Сондай-ақ қол қойылған құжаттар қатарында – Түр-кі əлемінің қаржы орталықтары мəр-тебесін беру туралы мемлекеттер басшыларының шешімі, Түркі ынты-мақтастығы ұйымдарының жаңа ту-ларын қабылдау туралы шешімі, Тағайындаулар туралы мемлекеттер басшыларының шешімі, Экономи-калық ынтымақтастық ұйымына Түр-кі мемлекеттері ұйымының байқау-шы мəртебесін беру туралы шешім, 6 ақпанды Табиғи апаттар құрбан-дарын еске алу жəне Түркі мем-лекеттері ұйымының ынтымақтас-тығы күні деп бекіту туралы шешім, Түркі мемлекеттері ұйымы Хатшы-лығының бюджетін басқару ережесі туралы шешім, “Түркі мемлекеттері ұйымы Тұрақты өкілдері жөніндегі ережені” əзірлеу туралы шешім, Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттердің тиісті мекемелері арасындағы метрология саласын-дағы ынтымақтастық туралы хатта-ма мен Түркі мемлекеттері ұйы-мының 2023-2027 жылдарға арнал-ған көлік байланысы бағдарламасын іске асыру жөніндегі бірлескен іс-шаралар жоспары бар.

Сонымен ұйымның төрағалығы Қазақстанға табысталды. Түркі жұр-тының татулығы мен бірлігі үшін жауапты міндетті алған еліміздің ал-дында үлкен жұмыс тұр. Ендігі жерде түркі интеграциясының басым ба-ғыттарын бағамдаудан бөлек, отан-дық дипломаттардың күш-жігері Транскаспий көлік дəлізінің қайта іске қосылуымен жəне логистикалық əлеуеттің іске асырылуы мен айтар-лықтай өсетін сауда-экономикалық ынтымақтастық деңгейін арттыруға септігін тигізуге тиіс. Еліміз Түркі мемлекеттері ұйымының негізгі қа-тысушыларының бірі бауырлас ха-лықты бір мүддеге тоғыстырып, қа-уіпсіздік пен тұрақтылықты берік сақтауға шақыра бермек. Түркілер түгел тізе қосып, сын-қатерлерді жұ-мыла көтеруді мақсат тұтатын ұйым-ның жұмысы жемісті болу үшін қа-зақстандық дипломатияның көшбас-шылығы мен беделі оң нəтиже берері анық.

(“Egemen Qazaqstan”

6 қараша 2023 жыл).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp