Мәскеуліктер ықыласы
Ресей астанасы Мәскеуде “ГИТИС – шеберлік сағаты” деген атаумен ТМД елдерінің театр фестивалі ұйымдастырылды. Өнер салтанатына қатысушылардың арасында – облысымыздағы Ермек Серкебаев атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттың оқушылары да болды. Талантты студенттер Мәскеуге жазушы Мұхтар Әуезовтің әңгімесі бойынша сахналанған “Қорғансыздың күні” спектаклін апарған. Қойылымда ойнайтын әртістердің жасы 18-де. – “Қорғансыздың күні” – психологиялық шығарма. Туынды …