«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Ауылдар жарықсыз қалды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

18 қараша күні болған боран­ның салдарынан ондаған ауыл жа­рықсыз қалды. Дәл осындай жағдай Петропавлда да тіркелді.

“Солтүстік Қазақстан электр та­рату компаниясы” акционерлік қоға­мының ақпаратына сүйенсек, боранда Аққайың, Қызылжар, Есіл, Мамлют, Шал ақын, Тимирязев, Мағжан Жұмабаев және Жамбыл аудан­дарындағы ауылдар электр қуа­тынсыз қалды. Қар мен қатты желдің салдарынан электр желілерінің сымдары қатып, кейбірі үзілген.

Қазіргі кезде арнайы бригада­лар боран келтірген залалды анықтап, жөндеу жұмыстарын жүр­гізуде. Ең күрделі ақау Мағжан Жұмабаев ауданында тіркелді. Ма­мандар ВЛ-110кВ желісінде жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жұ­мыс күшейтілген режімге көшіріл­ген.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp