«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ДАУАСЫЗ ДЕРТ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Адамның иммун тапшылығы ви­ру­сының алдын алуға болады, бірақ әзірге одан толық жазылып кету мүмкін емес. Өкінішке қарай, бүкіл әлемде бұл қауіпті дерт әлі де емі жоқ аурулар қатарында. Облыстық ЖИТС профилактикасы және оған қарсы күрес орталығының директо­ры Айман Сыздықованың айтуын­ша, антиретровирустық терапия – ВИЧ жұқтырған адамның қанында вирустың мөлшерін азайтады, оның өмір сүру сапасын жақсартады.

“Облыстық ЖИТС орталығы ма­мандарының маңызды міндеттері­нің бірі – АИТВ-мен өмір сүретін тұр­ғындарды емделуге бейімдеу. Анти­ретровирустық терапия вирустың көбеюіне жол бермейді. Бұл им­мундық жүйені қалпына келтіруге, инфекциялармен күресуге және ЖИТС-тің әрі қарай асқынбауына мүм­кіндік береді. Сонымен қатар, бұл ем профилактикалық әсерге ие. Егер ВИЧ жұқтырған адам анти­ретро­­ви­рустық препараттарды қа­былдаса, дерттің қаупі ай­тарлықтай төмендейді. Алайда ем­деудің тиімділігін арттыру үшін осы терапияны бастаған адам дәрі-дәрмектерді күнделікті және өмір бойы қабылдап, дәрігердің барлық нұс­қау­ларын қатаң ұстануы керек”, – дей­ді Айман Сыздықова.

Бүгінгі таңда өңірде ВИЧ-пен өмір сүретін 1,5 мыңға жуық адам есепте тұр. Осы жылдың 10 айында қауіпті вирусты жұқтырудың жаңа 116 жағдайы анықталды. Олардың 64 пайызы – ерлер. Есірткіні инъек­ция арқылы қолдану салдарынан ВИЧ жұқтыру 5,2 пайызға төмен­деген.

“АИТВ инфекциясын емдеудің тиімділігі қандағы вирустың деңгейі­мен анықталады. Егер қанда вирус анықталмаса, пациент вирустық супрессияға қол жеткізді деп есеп­теледі, яғни АИТВ инфекциясының өршу ықтималдығы және вирустың таралу қаупі өте аз. Антиретрови­рустық терапия препараттарын қа­былдаудың маңыздылығын түсінді­ру үшін пациенттермен жұмыс жүр­гізіледі. Осының арқасында емделу­ге деген ұмтылыс жыл сайын артып келеді. Әрі қазіргі препараттардың ағза­ға жанама әсері аз. Бүгінгі таңда облыста АИТВ жұқтыр­ған, есепте тұрған адамдардың 87 пайызы ан­тиретровирустық тера­пиядан өтіп жатыр. Бұл республи­калық көрсет­кіш деңгейіне сәйкес ке­леді. 2022 жылдың ұқсас кезеңінде бұл көрсет­кіш өңір бойынша 83 пайыз бо­латын”, – дейді орталық директоры.

Биыл ЖИТС ор­талығына үш жас маман жұмысқа қа­былданды. Инфекционист дәрігер­лер өңірімізге Астана мен Шымкент­тен келген.

Өзектілігін жоғалтпай­тын тағы бір маңызды міндет – АИТВ-ның таралуын азайту. Бұл мақсатта биыл ұйымдар мен ведомстволарда 70 семинар өткізілді; бизнес-құрылымдарда АИТВ-инфекциясының ал­дын алу мәселеле­рі бойынша 85 ақпараттық білім беру іс-шаралары ұйымдастырылды. АИТВ-ға тестілеу­ден өтуге мүмкіндік беретін екі ак­ция орталық базарларда өтті. Сондай-ақ, “дөңгелек үстел­дер”, викториналар, тақырыптық ойындар, мек­тептерде, колледж­дерде, кітапхана­ларда дәрістер өткізіліп, жасөспірімдер мен жастарға ар­налған ақпараттық материалдар үнемі таратылып тұрады.

20 қараша мен 1 желтоқсан ара­лығында Қазақстанда Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес науқаны аясын­да онкүндік өтеді. Осыған орай Петропавлдағы қалалық Мәдениет үйінде, сондай-ақ өнер колледжінде және М.Қозыбаев атындағы Сол­түстік Қазақстан университе­тінде “Көшбасшылық – қауымдас­тық­тарға” атты іс-шара ұйымдас­тыру жоспарланған.

Ал АИТВ-ға тестілеуден өткісі кел­ген адам оны тұрғылықты мекен­жайы бойынша емханаларда, ЖИТС профилактикасы және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталықта және жеке зертханаларда тапсыра алады. Бұл процедура тегін, әрі құпия түрде жүргізіледі.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp