«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қызылша жұқтырғандар көбейді

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңірде қызылша жұқтырғандардың 60 пайызы – 17 жастан асқан ересектер. Ауырғандардың басым бөлігі Петропавлда тір­келіп отыр. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Әсет Жұматаев айтты.

Жыл басынан бері облыста қы­зылшаға шалдығудың 77 жағдайы тіркелді, оның 49-ы зертханалық тек­серу барысында расталған. Сырқат­танғандардың 86 пайызы дертке қарсы екпе алмаған. Петропавлда­ғы әскери академияда оқып жүрген курсанттардың біреуі қызылшамен ауырған. Кейін ол басқаларына жұға бастаған.

“Бүгінде ауырғандар саны 15-ке жетіп отыр. Әлі де инфекцияны жұқ­ты­руы мүмкін күдіктілер бар. Ауру ошағы анықталған жағдайда 72 сағат ішінде мекеме мамандарының күнтізбеге сәйкес егілді деген құжат­тары тексеріледі, болмаған жағдай­да біз ол адамдарға қосымша екпе егеміз”, – дейді Әсет Жұматаев.

Маманның айтуынша, бүгінгі таңда қызылшаға шалдыққан 8 адам ауруханада ем алып жатыр. Ол мұндай ауру анықталған жағдай­да мекемелер карантинге жабыл­майтынын жеткізді. Егер де ауырған адаммен байланыста болған жан қызылшаға қарсы егілмесе, онда оған вакцина қойылады. Десек те ем­деу мекемелері, стационарлар бас­қа сырқаттарға жұқтырмау үшін карантин енгізе алады.

“Ауырып ем іздегенше, ауыр­маудың жолын іздеген жөн. Қызылшаны алдын алудың бірден-бір се­нім­ді жолы – вакцина. Дерттің одан әрі таралуын болдырмау үшін қосымша екпе егу жұмыстарын жүргізу туралы шешім қабылданды. Қазақстан Республикасының бас мемле­кеттік санитарлық дәрігерінің қаулы­сына сәйкес 6 қарашадан бастап қы­зылшаға, қызамық және паротитке қарсы жаппай иммундау жүргізу басталған. Вакцина 1661 балаға қойылды”, – деді Әсет Жұматаев.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp