«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Аудандағы іскер әйелдер

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Мамлют ауданында “Қазақстанның әйелдер күштерінің альянсы” мен іскер әйелдер қауымдастығының филиалы ашыл­­ды. Аудандық деңгейдегі ұйымға мүшелік ететін нә­зік жан­дар­дың саны әзірге көп емес. Дегенмен алдағы уақытта қатары қалыңдай түсетіні айдан анық. Осы ретте аудандағы іскер әйелдерге белсенді қыз-келіншектер барынша қолдау танытпақ.

– Осы ауданда ашылып жатқан “Қазақстанның әйелдер күштерінің альянсы” мен іскер әйелдер қауым­дастығының өкілдерін тағайындап жатырмыз. Біз осы ауданның әйелдерін қолдаймыз. Сонымен қатар ауыл шаруашылығында жұмыс істеп жатқан әйелдерге біз ерекше сый­лықтар табыс етеміз, – деді “Қазақ­станның әйелдер күштерінің альянсы” облыстық филиалы төрағасы­ның міндетін атқарушы Гүлбақша Мұсабаева.

Аудан өміріндегі маңызды жиынға 30-ға жуық белсенді қыз-келіншек қатысты. Олардың арасында Мамлют ауданының әкімі Елена Степаненко да бар. Елена Федоровна облыс тарихында бірінші әйел әкім атанып отырғаны белгілі. Осы орайда оған іскер әйелдер құттықтау хат табыс етті.

Белсенді қыз-келіншектер қатар­ларына қолынан іс келетін, ерік-жігері мықты әйелдерді жинап жа­тыр. Аудандық ұйымға жетекшілік етуге жергілікті мәслихаттың төрайы­мы Жанар Кәрімова ұсынылды.

– Маған зор жауапкершілік жүктеліп отыр. Өз міндетімді сапалы орындауға тырысамын. Ауданда іс­кер әйелдер баршылық, солардың басын қосып, елдің дамуына жан-жақты үлес қосуға әзірміз, – деді “Қазақстанның әйелдер күштерінің альянсы” мен іскер әйелдер қауым­дастығының Мамлют аудандық филиалының төрайымы Жанар Кәрімова.

Мәдина ҚАБИ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp