«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 28.11.2023

Мұрағат – халық мұрасы

Биыл Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архивінің құрылға­ны­на 100 жыл толды. Құнды деректердің мол қоры сақталған бұл мекемеде облыстың, еліміздің тарихы қатталған. Архи­вистер тарихи құндылықтарды түгендеп, оның қорын жыл­дан-жылға молайтуды басты міндеттері санайды. Осы бір “инемен құдық қазғандай” істің басы-қасында архив директо­ры, тарих ғылымдарының канди­даты, “Құрмет” орденінің иегері Сәуле Мәлікова жүр. Оқырман назарына Сәуле Зейноллақызымен сұхбатты ұсынып …

Мұрағат – халық мұрасы Read More »

АМАНДЫҚТЫҢ АМАНАТЫ

Қазақстанның құрметті журналисі, Солтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы, марқұм Амандық Жантеміровтің есімі өңірімізге жақсы таныс. Қаламгердің “Жеті атаңды білесің бе?”, “Доктор от Бога”, “Қапсыт (Аткелтір)”, “Қызылжар өңірінің өшпес шежіресі”, “Атақоныс – Ақтомпақ”, “Сағындырған ауылым” кітаптары көзі ашық, көкірегі ояу оқырмандардың сүйікті туындысына айналған. Жуырда журналистің көзі тірісінде туған жері – Қарақамыс ауылының тарихы туралы жазған …

АМАНДЫҚТЫҢ АМАНАТЫ Read More »

Ұлағат ұясы

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде білім, мәдениет және спортты дамытуға елеулі үлес қосып келе жатқан педагогика факультетінің 45 жылдық мерейтойы аталып өтті. Арнайы ұйымдастырылған кешке факультет ардагерлері, түлектер, әріптестік байланыс орнатқан білім, спорт, мәдениет саласы ұйымдарының өкілдері, оқытушылар және студенттер жиналды. Салтанатты іс-шарада факультеттің жұмысын жандандыруда елеулі еңбек етіп жүрген оқытушылар – Елена Гумель, Алиса …

Ұлағат ұясы Read More »

Жұлдызы жанған Жансая!

Елордадағы Қазақ ұлттық өнер университетінің мұрындық болуымен өнер саласындағы шығармашылық жетістіктерді анықтау, балалар музыкалық және мамандандырылған мектептерінің, өнер мектептерінің, сондай-ақ басқа да қосымша білім беру мекемелерінің оқушылары арасында дарынды жастардың кәсіби шеберлігін жетілдіру мақсатында “Astana-Merey” XIX халықаралық байқауы өткізілді. Аталған додаға республикамыздың әр өңірінен тек арнайы мектептерде білім алған, өнер әлемінде оң-солын таныған жас дарындар …

Жұлдызы жанған Жансая! Read More »

Шектеу шаралары

Облыстың үш ауданындағы төрт ауылдың малынан бруцеллез анықталды. Қызылжар ауданындағы Плоское, Аққайың ауданындағы Ленинское және Ақжар ауданындағы Үлгілі, Тұғыржап ауылдарындағы малдардың бруцеллезге шалдыққаны белгілі болды. Бұл елді мекендерге шектеу шаралары енгізіліп, ет және сүт өнімдерін сыртқа шығаруға тыйым салынды. Облыстық ветеринария басқармасының мәліметінше, жыл басынан бері өңірде 223 ірі қарадан бруцеллез анықталса, өткен жылы жұқпалы …

Шектеу шаралары Read More »

“КҮНІНЕ ЕКІ САҒАТТЫҚ ЖҰМЫС” есірткі сату болып жүрмесін

“Көп күш жұмсамай-ақ мол табыс табуға болады”, “Күніне екі сағаттық жұмыс үшін 40 000 теңге төлейміз”. Есірткі сатушылар әлеуметтік желілерге осындай сипаттағы хабарландырулар жариялап, адамдарды қылмыс әлеміне тартады. Желідегі түрлі топтар мен мессенджерлерге телміріп отырған жастар еріп кетуі мүмкін. Қаскөйлер олардың арасынан есірткі жасырушыларды іздейді. Полицейлер жыл басынан облыс аумағында есірткі өткізді деген күдікпен 50 …

“КҮНІНЕ ЕКІ САҒАТТЫҚ ЖҰМЫС” есірткі сату болып жүрмесін Read More »

ЖОЛ САПАСЫ ТАЛАПҚА САЙ ЕМЕС

Облыста биыл республикалық маңызы бар 24 жолда 420 сынама жасалды, соның 121-і нормативтік-техникалық құжаттама талаптарына сай болмай шықты. “Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы” республикалық мемлекеттік кәсіпорны облыстық филиалы жанындағы сапа және мемлекеттік есеп бөлімінің басшысы Арман Тұрасимов жолдың сапасыз салынуының себептерін айтып берді. Өңірде салынған жолдардың сапасы көңіл көншітпейді. Мамандар биыл республикалық, облыстық, аудандық маңыздағы …

ЖОЛ САПАСЫ ТАЛАПҚА САЙ ЕМЕС Read More »

Ауылға қажет нысан

Қызылжар ауданындағы Прибрежное ауылында жаңа дәрігерлік амбулатория салынып жатыр. “Ауылдағы денсаулық сақтауды жаңғырту” ұлттық жобасы аясында іргетасы қаланған амбулатория жыл соңында пайдалануға берілуі тиіс.  Ауылдықтар үшін маңызды нысанның құрылысын “Градо-Строй Сервис” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізіп жатыр. Жобаның жалпы құны шамамен 400 млн. теңгені құрайды. Құрылыс жұмыстары маусым айында басталыпты. Қазір нысан ішін бөлу, еден мен …

Ауылға қажет нысан Read More »

Келісімді сақтау – ортақ мақсат

Қазақстан халқы Ассамблеясының “Бейбітшілік және келісім жолымен” атты экспедициясы өңірімізге келді. Достық үйінде экспедиция мүшелері мен Қазақстан халқы облыстық ассамблеясының өкілдері “дөңгелек үстел” басына жиналды.  Жиында жаңа Қазақстанды дамыту және этносаралық жанжалдардың алдын алу сияқты мәселелер талқыланды. Бірнеше жылдан бері елімізде “Бейбітшілік және келісім жолымен” республикалық бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. Оның мақсаты – Қазақстан халқының …

Келісімді сақтау – ортақ мақсат Read More »

АЛДЫН АЛҒАН АДАСПАЙДЫ

Сыбайлас жемқорлық әлемнің кез келген елінде кездеседі. Бұл мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық даму үдерісін, нарықтық экономиканың құрылуын және инвестициялар тарту үдерісін тежейді. Мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсерін тигізеді, елдің болашақ дамуына елеулі қауіп төндіреді. Сондықтан Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі – сыбайлас жемқорлықпен күрес. Қазір әлемде сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту жұмысы үздіксіз жүргізілуде және …

АЛДЫН АЛҒАН АДАСПАЙДЫ Read More »