«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Шектеу шаралары

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстың үш ауданындағы төрт ауылдың малынан бруцеллез анықталды.

Қызылжар ауданындағы Плоское, Аққайың ауданындағы Ленинское және Ақжар ауданындағы Үлгілі, Тұғыржап ауылдарындағы малдардың бруцеллезге шалдыққаны белгілі болды. Бұл елді мекендерге шектеу шаралары енгізіліп, ет және сүт өнімдерін сыртқа шығаруға тыйым салынды.

Облыстық ветеринария басқармасының мәліметінше, жыл басынан бері өңірде 223 ірі қарадан бруцеллез анықталса, өткен жылы жұқпалы кеселге 779 мал шалдыққан.

– Бүгінде дерт белгілері байқалған Тұғыржап ауылындағы “Хиуа” шаруа қожалығы тексерілуде. Ауру 5 ірі қарадан анықталды. Барлық мал сойылды, – деді басқарманың бөлім басшысы Қайырлы Қазанов.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp