«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЛУ ОҢАЙ, ҚАЙТАРУ ҚИЫН

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өмірлік қиын жағдайларға тап болған азаматтардың кредиттері бойынша берешекті реттеуді қамтитын қаржылық қызметтерге жүгінетін тұтынушылардың құқығын қорғау жүйесін дамыту өте маңызды.

Биылғы 10 айда Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне азаматтардан 49,8 мың өтінім келіп түскен. Азаматтар мен ұйымдар өтінімдерінің негізгі үлесі банк секторына тиесілі.

Кредиттерін өтеуде қиындыққа тап болған қарыз алушылардың проб­лемаларын шешу үшін депутаттар “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кредит беру кезінде тәуекелдерді барынша азайту және қарыз алушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заң жобасына түзетулер енгізу туралы бастама жасаған еді.

Әлеуметтік инженерияның түрлі тәсіл­дері мен әдістерін қолдану нәти­жесін­де алаяқтардың ақша қара­ж­а­тын ұрлауы – азаматтардың агенттікке жүгінуінің тағы бір себебі. 2022-2023 жылдары банктерде 14,6 млрд. теңге сома­ға алаяқтық тәсілмен ресімделген 7 759 кредит берілген. Бұл ретте мұн­дай кредиттердің 82 пайызын азамат­тар алаяқтардың ықпалымен банктердің мобильді қосымшалары арқылы ресім­деген. 2022 жылдан бастап банктер 111,9 млн. теңге сомаға алаяқтық кредиттерді есептен шығарды. Клиенттердің карточ­калық және депозиттік шоттарынан 6,1 млрд. теңге заңсыз алынған, банктер азаматтарға 343 млн. теңге өтемақы төледі.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы тағы бір маңызды бағыт – қаржылық инклюзия. 2023 жылы агенттіктің бастамасы бойынша Сауда және интеграция министрлігінің Техни­калық реттеу және метрология ко­митеті “Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қыз­меттер ұсыну бойынша қаржы ұйым­дарына қойылатын талаптар” Ұлттық стан­дартын бекітті. Аталған құжат мүге­дектігі бар адамдардың жеке санат­тары үшін қаржы ұйымдарының бөлім­шелері мен филиалдарының нақты қол­жетімділігіне, ақпараттық ресурстарды – сайттар мен мобильді қосымшаларды бейімдеуге қойылатын талаптарды айқындайды.

Әсет ҚАНАФИН.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp