Әжемнің әңгімесі
Мен он жеті жасқа толғанша әжемнің жанында болдым. Майдан даласына аттанған атам оралмай, әжем жесір атанған. Бауырынан тараған екі ұл, екі қызын қанаттыға қақтырмай өсіріпті. Ауылдағылар оның көпке жанашыр болғанын бүгінге дейін айтып отырады. Қиын-қыстау кезеңде мүмкіндігі шектеулі жандарға, қарттар мен жас балаларға қолдау көрсетіп, олардың аш-жалаңаш отырмауы үшін таңалакеуімнен кеш қарайғанға дейін қырман басында …