«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ИГІЛІК НҰРЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық ЖИТС (СПИД) орта­лығының мамандары әлеуметтік же­лілерде “Баға жетпес көмек” чел­ленджін бастады. Ондағы мақсат – иммун тапшылығы вирусымен ауы­ратын (АИТВ) балаларды тәрбие­леп отырған отбасыларға көмек көр­сетумен бірге балдырғандарды жаңа жылдық сыйлықтармен қуанту.

ЖИТС орталығының челленд­жін “Феникс” заңды тұлғалар бір­лес­тігінің өкілі Қарлығаш Ақынова, “Петропавл электротехникалық зауы­ты” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басқарма төрағасы Ерсұлтан Шамшиев қолдап отыр.

“Біз бастамашыл, қамқор сол­түс­тікқазақстандықтарды челлендж­ге қосылуға шақырамыз. Игі­лікті істер жасауға асығайық. Бұл қайы­рымдылық шарасынан туыс­тары­мыз, достарымыз бен әріптес­теріміз қа­лыс қалмаса екен”, – дейді олар.

ЖИТС облыстық орталығы ди­ректорының міндетін атқарушы Ри­нат Үлмесековтің сөзіне қарағанда, бүгінгі күні өңірде иммун тапшылығы вирусы инфекциясына 14 жасқа дейінгі 12 бала шалдыққан. Ал еліміз бойынша биылғы 11 айда 126 адамның АИТВ жұқтырғаны анықталған.

 Гүлнәр ҚАЛИЕВА.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp