«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Көкөніс қоймасы салынуда

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңірде ауыл шаруашылығы са­ласының тиімділігін арттыру мақсатында жан-жақты жұ­мыс жүргізіліп жатыр. Мәселен, Айыртау ауда­нындағы “Агро Елецкое” жауап­кершілігі шектеулі серіктестігі 5,5 млрд. теңгеге үлкен көкөніс қой­масын салуда. Қазіргі уақытта құры­лыс жұмыстары басталып кет­кен. Жаңа нысанда 35 мың тонна өнім сақтауға болады. Кәсіп­орын ашылғанда елді мекенде жаңа жұ­мыс орындары да құрылмақ. Шаруашылық заман ағы­мынан қалмай, тамшылатып суару жүйесін де қолданысқа енгізді. Жоба құны – 1 млрд. теңге. Серіктестік тамшыла­тып суару жүйесімен 2,5 мың гектар алқапты қамтуды жоспарлап отыр.

“Біз бұл жобаны өткен жылы қолға алғанбыз. Қазір 400 гектар ал­қап тамшылатып суарылады. Жос­парымыз кезең-кезеңімен жүзеге асып жатыр. Ал көкөніс сақтайтын қойманың құрылысы басталған, қа­бырғалары тұрғызылды. Дегенмен ауа райына байланысты жұмыс тоқ­тап қалды. Қазір бидай, күнбағыс өсіреміз. 2025 жылы картоп, 2026 жылы сәбіз өсіруді қолға алу жос­парда бар. Қазір бәрін жан-жақты зерттеп, нақты жоспармен іске кіріспекпіз”, – дейді “Агро Елецкое” ЖШС-ның директоры Байтас Қазбеков.

Айыртау ауданындағы басқа елді мекендер де көштен қалмай, қарқын­ды дамып келеді. Бастысы осыған дейін өзекті болған мәсе­лелер өз ше­шімін тапқан. Мәселен, Кирилловка ауылының тұрғындарын пай мәселе­сі бірнеше жыл бойы әуре еткен еді. Мұнда қазір тұрғын­дар саны 700-ге жуық, оның 400-інің пайы бар. Биыл сәуір айында елді мекенге “North Grain” атты жаңа ком­пания келіп, жағ­дай өзгерді. Зейнеткер, ауыл тұрғыны Қалима Жаналинованың айтуын­ша, биыл пай уақытылы берілген. Жаңа компания ауылдың жағдайына да көңіл бөліп, әлеуметтік мәселе­лерді назарға алған.

“Біз бұл елді мекенге 10 сәуірде келдік. Техникаларды жаңартып, бірден жұмысқа кірісіп кеттік. 2 мың тонна тұқымды жаңарт­тық. Алқап 15 мың гектардан астам жерді алып жа­тыр. Ауа райының қолайсыз бол­ғанына қарамастан, нәтиже жаман емес. Сапаны сақтап қалуға тырыс­тық. Қазір компанияда 130 адам жұ­мыс істейді”, – дейді “North Grain” жа­уапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Ер­болат Кәленов.

Серіктестік директорының сөзінше, барлық пай иелерімен келісім­шартқа қол қойылған. Тұрғындар әр гектар үшін 60 ки­лограмм астық ала­ды. Бірақ олардың басым бөлігі қазір пайды ақшалай алуды жөн көреді.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp