«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҰМЫТЫЛА БАСТАҒАН ДӘСТҮРЛЕР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Салт-дәстүрлеріміздің кейбірі халық арасында кеңінен пайдаланылып жүрген болса, кейбірі ұмыт қалып барады. Әсіресе жастарымыз біле бермейтін салт-дәстүрлеріміз жетерлік. Ата-бабаларымыздан мұра боп қалған салт-дәстүрлер әрдайым игі мақсаттар үшін қолданыста болған. Сол себепті оларды біле жүру, кей-кейде өмірде іске асыру да артық етпес.

Ақсарбас атау. Қауіп-қатерге ұшырағанында “А, Құдайым оңда­сын! Мені осы қиындықтан құтқара гөр! Ақсарбас!” деп мал атайтын болған. Мұндай жағдайда “Ақсар­бас!” деп үш рет айқайлаған. Сосын қауіп-қатерден аман қалғанында әлгі адам ауыл-аймағын шақырып құдайы ас берген. Ақсарбасқа шалына­тын малдар: бозқасқа (қой), көкқасқа (жылқы), қызыл қасқа (сиыр). Адам ақсарбас атағанда қай малын айтса, соны союға тиіс.

Асату. Бұл дәстүр Сәбит Мұқа­новтың “Халық мұрасы” деген кіта­бында толық баяндалған. Дастарқан басында ет жеп отырғандар тоғая бастағанында, төрде отырған ақса­қал қалған етті қолымен қонақтарға, жас балаларға асатады. Бұрындары ауыл балалары ет асаймыз деп қо­нақ келген үйдің қасында жүретінді.

Ат тұлдау. Ер адам қайтыс бол­ғанында мініп жүрген атының жал-құйрығын күзеп, оны бос жібереді де, өлген адамның жылында сол атты әкеліп сояды.

Аяғына жығылу. Кешірім сұ­раудың ең үлкен, кішіреюдің ең ауыр түрі – осы ғұрып. Оны орындағанда айыпты адам жанына абыройлы, қа­дірлі кісілерді ертіп алып, тиісті адам­ның үйіне рұқсат сұрап кіріп, кешірім сұрайды. Айыбы үлкен болса, айыпкер өзі кінәлі болған адамның аяғына жығылып, оны құшақтаған қалпы жылап, кешірім сұрап, жалынған. “Аяғына жығылу” – әрі ғұ­рып, әрі жазаның бір түрі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp