Сенімді ақтаған серіктестіктер
Елордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен “Алтын сапа” және “Парыз” сыйлықтарын табыстау рәсімі өтті. Марапатталғандардың қатарында солтүстікқазақстандық кәсіпорындар да бар. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін анықтайтын “Парыз” байқауында Мамлют ауданына қарасты “Новомихайловское – 2003” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі лауреат атанды. Бұл байқауға қатысуға 492 ұйымнан өтінім түссе, соның 161-і – ірі кәсіпкерлік субъектісі, 331-і – шағын және орта бизнес …