Облыстық прокуратура кінәсіз кәсіпкерді жауапкершіліктен босату жөнінде нұсқау берді.
Соттың қаулысымен Қызылжар ауданындағы шағын және орта бизнес өкілдерінің біріне Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 283-бабы 2-бөлімі бойынша (сәйкестендіру құралдарымен және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалануға жататын акцизделетін тауарлардың сәйкестендіру құралдарынсыз және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларынсыз) 517 500 теңге мөлшерінде айыппұл салынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Алайда апелляциялық сатыдағы сотта есепке алу-бақылау маркаларынсыз сату фактілері дәлел таппады. Сонымен бірге материалдарды жинау барысында полицияның учаскелік инспекторы кодекстің процестік нормаларын бұзушылыққа жол бергені анықталды.
Жуырда прокурордың өтінішхаты бойынша апелляциялық сот жеке кәсіпкердің әрекеттерінде әкімшілік құқық бұзушылық құрамының болғандығы дәлелденбегендіктен, өндірістік істі қысқартты.
Кінәлі лауазымды тұлғаға қатысты тәртіптік сипатта шара қолдану туралы жеке қаулы шығарылды.
Облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.