«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Тапқыр болсаң, озып көр

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Назарбаев зияткерлік мектебінде танымдық-зияткерлік ойын ұйымдастырылды. Оның мақсаты – өскелең ұрпақтың қаржылық сауаттылығын арттыру. Яғни, сұрақтар қаржы төңірегінде болды. Білім жарысына 150-ге жуық оқушы мен студент қатысты.

М.Жұмабаев атындағы IT-мектеп-лицейінің оқушысы Жансұлу Әбілтаева бұл сайысқа тиянақты дайындалыпты. Тіпті мектеп бағдарламасынан сұрақтарды қызу талқылаған.

– Жарыста мектеп намысын қор­ғайтындықтан бізге зор жауап­кершілік жүктелді. Дайындық ба­рысында мұғалімдеріміз көп көмектесті. Түрлі деңгейдегі жарыс­тарға жиі қатысқандықтан сайыс талаптарын қатаң сақтауға ма­шықтанғанбыз, – дейді “БЭСТ” мектеп-гимназиясының оқушысы Дильназ Бектұрова.

Ойын 7 кезеңнен тұрады. Әр кезеңде 7 сұрақ қойылды. Ең көп ұпай жинаған команда жеңімпаз атанды.

Ұлттық банктің Солтүстік Қа­зақстан филиалының директоры, қазылар алқасының мүшесі Диас Мэлстің айтуынша, осындай шаралар балалардың қаржылық сауаттылығын арттыруға ықпал етеді.

– Қазір қаржылық сауаттылықтың маңызы артты. Қоғамда алаяқтар жиі кездеседі, қаншама адам алданып жатыр. Бұл – қар­жылық сауатсыздықтың салдары. Осы орайда білімді ұрпақ қалып­тастыру үшін танымдық-зияткерлік шараларға баса мән берген жөн, – дейді ол.

21 команда қатысқан білім жа­рысында Ә.Досмұхамбетов атын­дағы облыстық дарынды бала­ларға мамандандырылған гимна­зия-интернатының командасы үз­дік деп танылды.

Ләзиза МЫРЗАНТАЙҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp