Ақжар және Уәлиханов аудандарындағы оқушылардың білім деңгейін арттыру мақсатында “Өрлеу” “Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы” АҚ филиалы “Солтүстік Қазақстан облысы бойынша кәсіби даму институтымен” бірлесе отырып, “4 және 9 сынып оқушыларының білім сапасын бақылау мен мониторинг жүйесі” тақырыбында облыстық семинар өтті.
Семинарда 2023 жылғы білім алушылардың жетістіктерінің мониторингі кезінде анықталған “орындалуы қиын” тақырыптарға ерекше назар аударылды. Мұғалімдер сабақ барысында және шеберлік сыныптарында әдістемелік нұсқаулық хат ұсыныстарын ескере отырып, оқушыларға түрлі диаграммалар, суреттер, карталар, кестелер және графиктер түрінде берілген әртүрлі жанрдағы мәтінді түсіну, ақпаратты табу, мағынасын бағалау бойынша тапсырмалар берді. Математикалық және жаратылыстану-ғылыми сауаттылықтарын жетілдіру үшін математикалық мәтінді талдау, қажетті ақпаратты алу, когнитивті және техникалық дағдыларды қажет ететін ақпаратты табу, физикалық үдерістерге диаграмма, сызба, жалпылама және жинақтау сияқты тағы басқа тапсырмаларды орындатқызды. Бұл семинарда мұғалімдер әр пән бойынша оқу мақсаттарын пысықтай отырып, PIRLS және PISA халықаралық зерттеулерінде бағаланатын сауаттылықтар дағдыларын қалыптастыруға және дамытуға мүмкіндік жасады.
Аягөз ХАСЕНОВА,
Ақжар аудандық білім бөлімінің әдіскері.