«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Тәжірибе алмасты

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ақжар және Уәлиханов ауданда­рындағы оқушылардың білім деңге­йін арттыру мақсатында “Өрлеу” “Бі­ліктілікті арттыру ұлттық орталығы” АҚ филиалы “Солтүстік Қазақстан облысы бойынша кәсіби даму инс­титутымен” бірлесе отырып, “4 және 9 сынып оқушыларының білім сапасын бақылау мен мониторинг жүйесі” тақырыбында облыстық семинар өтті.

Семинарда 2023 жылғы білім алу­шылардың жетістіктерінің мо­ниторингі кезінде анықталған “орын­далуы қиын” тақырыптарға ерекше назар аударылды. Мұғалімдер сабақ барысында және шеберлік сыныпта­рында әдістемелік нұсқаулық хат ұсыныстарын ескере отырып, оқу­шы­ларға түрлі диаграммалар, сурет­тер, карталар, кестелер және гра­фик­тер түрінде берілген әртүрлі жанр­дағы мәтінді түсіну, ақпаратты табу, мағынасын бағалау бойынша тапсырмалар берді. Математикалық және жаратылыстану-ғылыми сауат­тылықтарын жетілдіру үшін матема­тикалық мә­тінді талдау, қажетті ақпа­ратты алу, когнитивті және техника­лық дағды­ларды қажет ететін ақ­паратты табу, физикалық үдерістер­ге диаграмма, сызба, жалпылама жә­не жинақтау сияқты тағы басқа тап­сырмаларды орындатқызды. Бұл се­минарда мұға­лімдер әр пән бойынша оқу мақсат­тарын пысықтай отырып, PIRLS және PISA халықаралық зерт­теулерінде бағаланатын сауатты­лық­тар дағды­ларын қалыптас­ты­руға және дамы­туға мүмкіндік жасады.

Аягөз ХАСЕНОВА,

Ақжар аудандық білім бөлімінің әдіскері.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp