Президент Қасым-Жомарт Тоқаев “Тәуелсіздік бәрінен қымбат” мақаласында мемлекеттік тілді білу әрбір қазақстандықтың парызы екенін айтқан болатын. Елімізде ана тіліміздің қолданыс аясын кеңейтуге барлық жағдай жасалған. Уақыт өткен сайын ұлттық білім ошақтарының саны көбейіп келеді. Ана тілімізді арымызға баласақ, оның мәртебесін көтеру, қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылу аясын кеңейту, іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу – өте жауапты іс. Облыстық Әділет департаменті тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын орындау бағытында нақты жұмыстарды жүзеге асырып келеді. Биылғы жылдың 11 айында 38 іс-шара, атап айтқанда, 5 “дөңгелек үстел”, семинар өткізіліп, 18 дәріс тыңдалды.
Осы мерзім ішінде кіріс құжаттарының жалпы саны 15772 болса, мемлекеттік тілдегі құжаттар 9704-ке жетті. 12407 шығыс құжаттарының мемлекеттік тілдегісі – 6989. Жалпы 1633 ішкі шығыс құжаттың 1083-і қазақ тілінде атқарылды.
Қазіргі уақытта департаментте аппараттық кеңестер қазақ тілінде өткізіледі. 40-тан астам қызметкердің 80 пайызы мемлекеттік тілде қызмет көрсете алады. Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы жанындағы тілдерді оқыту орталығымен жасасқан келісімге сәйкес барлық қызметкерлер мемлекеттік тілді меңгеруді басты мақсат етіп отыр.
Ең бастысы, іс қағаздарын қазақша жүргізудің әдіс-тәсілдерін қалыптастыра отырып, озық тәжірибеге сүйену, әр маманның қажетті тілдік құралдарды таңдап, тауып алуына қамқорлық көрсету, біліктілігін жоғарылатуға ықпал жасау – басты міндеттердің бірі.
Департамент пен оның аумақтық бөлімшелері мемлекеттік қызметтің 11 түрін көрсетеді. Соңғы жылдары “Мемлекеттік деректер қоры”, “Е-лицензиялау”, “Е-апостиль” ақпараттық жүйелеріне келіп түскен қазақша ақпараттар үлесінің артқаны байқалады.
Әсем ШАРИПОВА,
облыстық әділет департаменті әкімшілік бөлімінің бас маманы.