«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қазақша ақпараттың үлесі артты

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев “Тәуелсіздік бәрінен қымбат” мақаласында мемлекеттік тілді білу әрбір қазақстандықтың па­рызы екенін айтқан болатын. Елі­мізде ана тіліміздің қолданыс аясын кеңейтуге барлық жағдай жасалған. Уақыт өткен сайын ұлттық білім ошақта­рының саны көбейіп келеді. Ана тілімізді арымызға бала­сақ, оның мәр­тебесін көтеру, қоғам­дық қаты­нас­тардың барлық сала­сында қол­данылу аясын кеңейту, іс қағаз­дарын мемлекеттік тілде жүргі­зу – өте жауапты іс. Облыстық Әді­лет де­партаменті тіл саясатын іске асы­рудың 2020-2025 жылдарға арнал­ған мемлекеттік бағдарламасын орындау бағытында нақты жұмыс­тарды жүзеге асырып келеді. Биыл­ғы жылдың 11 айында 38 іс-шара, атап айтқанда, 5 “дөңгелек үстел”, семинар өткізіліп, 18 дәріс тың­далды.

Осы мерзім ішінде кіріс құжат­тарының жалпы саны 15772 болса, мемлекеттік тілдегі құжаттар 9704-ке жетті. 12407 шығыс құжаттарының мемлекеттік тілдегісі – 6989. Жалпы 1633 ішкі шығыс құжаттың 1083-і қа­зақ тілінде атқарылды.

Қазіргі уақытта департаментте ап­параттық кеңестер қазақ тілінде өткізіледі. 40-тан астам қызметкер­дің 80 пайызы мемлекеттік тілде қыз­мет көрсете алады. Мәдениет, тіл­дер­ді дамыту және архив ісі басқар­ма­сы жанындағы тілдерді оқыту орталығымен жасасқан келісімге сәй­кес барлық қызметкерлер мем­лекеттік тілді меңгеруді басты мақсат етіп отыр.

Ең бастысы, іс қағаздарын қазақ­ша жүргізудің әдіс-тәсілдерін қалып­тастыра отырып, озық тәжірибеге сүйену, әр маманның қажетті тілдік құралдарды таңдап, тауып алуына қамқорлық көрсету, біліктілігін жоғарылатуға ықпал жасау – басты міндеттердің бірі.

Департамент пен оның аумақтық бөлімшелері мемлекеттік қызметтің 11 түрін көрсетеді. Соңғы жылдары “Мемлекеттік деректер қоры”, “Е-лицензиялау”, “Е-апостиль” ақпарат­тық жүйелеріне келіп түскен қазақша ақпараттар үлесінің артқаны байқа­лады.

Әсем ШАРИПОВА,

облыстық әділет департаменті әкімшілік бөлімінің бас маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp