«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 22.12.2023

“Түседі өлең десе қайғы-шерім”

Облыстық тарихи-өлкетану му­зейінде “Тұлғалар тағдыры – өлке тарихы” деген атаумен ұйымдастырылған ғылыми конференция биыл туғанына 275 жыл толған ақын Шал ақын (Тілеуке) Құлекеұлының өмірі мен шығармашылығына арналды. “Асыл мұра” орталығы өткіз­ген іс-шарада Шал ақынның өз заманының дүлдүлі болғаны, қазақ ауыз әдебиетінде Шалкиіз, Қазту­ған, Асан қайғы,Бұқар жырау, Тәтті­қара, Доспамбет сынды сүлейлермен қатар орын алатыны айтылды. Конференцияға …

“Түседі өлең десе қайғы-шерім” Read More »

ҚОҒАМ ДЕРТІ

Елімізде заң үстемдігін орнатып, нағыз құқықтық мемлекет құру жолында маңызды қадамдар жасалып жатқанын көріп отырмыз. Мәселен, қылмыстық процестің үш буынды үлгісі енгізілді. Жемқорлық әрекеті үшін сотталған азаматтарды шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға тыйым салынды. Соттарға, құқық қорғау қызметкерлеріне, пара бергендерге және делдалдарға қатаң жаза қолданылады. Алайда атқарылып жатқан кешенді шараларға қарамастан жем­қорлықтың әлі де қоғамның …

ҚОҒАМ ДЕРТІ Read More »

Талабы таудай

Алматы қаласында “New Year’s Stars – 2023” республикалық бал-фестивалі өтті. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен ақылына көркі сай қыз балалар қатысты. Республикалық байқауда өңір намысын Қызылжар ауданына қарасты Полудино орта мектебінің оқушысы Томирис Лопарева қорғады. Оған сәндік және өнер бәйгелері таңсық емес. Бұған дейін солтүстікқазақстандық өрен “Super Star Beauty Qazaqstan – 2023” сайысында өнер көрсеткен болатын. Биылғы …

Талабы таудай Read More »

Жол үстіндегі жылқы

Тайынша ауданында жолда жүйткіп келе жатқан “Lada Granta” автокөлігі жылқыны қағып кетті. Оқиға Көкшетау-Омбы автожолының елуінші шақырымында түнгі сағат 3.30 шамасында орын алған. Көлікті жүргізген Ақжар ауданының 58 жастағы тұрғынының айтуынша, Аймақ ауылынан бес шақырым жерде жолға кенеттен бір табын жылқы шыға келген. Машинаға механикалық зақым келтірілген. Жылқы орнынан тұрып, ары қарай шауып кеткен. Қазір …

Жол үстіндегі жылқы Read More »

Аты аңызға айналған ана

Қазақ халқында елді аузына қаратқан даналығымен, кие қонған әулиелік қасиетімен, ақыл-парасатымен, адамгершілік қасиеттерімен аттары аңызға айналған әз аналар аз емес. Халық олардың есімдерін есте сақтап қана қоймай, аруақтарына бас иіп, пір тұтып, өздерін кие, өмірлерін өнеге етіп, тағылымын ұрпақ санасына сіңіріп отырған. Жерленген жерлеріне әспеттеп белгі қойып, тәу етіп баратын қасиетті орын санаған. Үйсіннің қызы …

Аты аңызға айналған ана Read More »

ЕҢБЕГІ ЕЛЕНГЕН ЕРІКТІЛЕР

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі облыстық департаментінде “Еріктілер кеңесінің” жиналысы өтті. Онда мемлекеттік қызметшілердің волонтерлік ұйымдармен бірлескен қайырымдылық қызметі қорытындыланды. Шара барысында “Birgemiz” волонтерлік фронт-офисінің басшысы Анастасия Волкова, “Помощь рядом” волонтерлік қозғалысының басшысы Дамир Абдин бұл бағытта атқарылған жұмыстарын баяндады. Жиын барысында 35 мемлекеттік қызметші департаменттің Алғыс хатымен марапатталды. Соның бірі – қалалық әкімшілік істер жөніндегі …

ЕҢБЕГІ ЕЛЕНГЕН ЕРІКТІЛЕР Read More »

Кәсіби қазақ тіліне сұраныс артты

Қазақ тілінің мемлекеттік тіл дәрежесі нығая түскен сайын түрлі салалардағы кәсіби қазақ тілінің маңызы артты. Себебі жақсы маман болумен қатар сауатты, кәсіби қазақ тілінде сөйлей алатын кадр ұжымның абыройы емес пе?! Сондықтан мамандарға қазақ тілін үйретудің ең жоғары нәтижесі – тыңдаушыны кәсіби тілде сөйлесе алатындай деңгейге жеткізу. Қазіргі таңда елімізде мамандарға қойылатын талаптың бірі – …

Кәсіби қазақ тіліне сұраныс артты Read More »

“46 АУЫЛДА ЕМДЕУ МЕКЕМЕСІ САЛЫНАДЫ”

Денсаулық – басты байлық. Ауырған адамға ешқандай дүниенің керегі жоқ. Мұндайда жанына дәру, ажалға араша болатын дәрігер қажет. Еліміз енді тәуелсіздік алған жылдары медицина ескі құрал-жабдықпен қалып, кадр жетіспеушілігі мәселесін бастан өткерді. Араға жылдар салып еңсесін тіктеген денсаулық сақтау саласында бүгінде жетістік көп. “Tıkelei bailanys” айдарының кезекті қонағы – облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Құмар …

“46 АУЫЛДА ЕМДЕУ МЕКЕМЕСІ САЛЫНАДЫ” Read More »

Электрондық сот

Қазіргі таңда азаматтар мен заңды тұлғалардың өз құқықтарын сотта қорғауда мүмкіндіктері мол. Соның бірі – мейлінше ашықтықты және қолжетімділікті жан-жақты қарастыратын жаңа ақпараттық-инновациялық технологиялардың енгізілуі. Мұндай тың өзгерістер сот төрелігін қамтамасыз етудің барлық кезеңін, яғни сотқа құжат тапсырудан бастап шешім мен атқару парағын қолға алған уақытқа дейінгі аралықты қамтиды. Оның бір мысалына қолданыстағы негізгі құрал …

Электрондық сот Read More »

Экономикада өсім бар

2023 жылғы қаңтар-қараша айлары аралығында тұрғын үй салу – 35,9, жалпы құрылыс – 27,6, негізгі капиталға салынған инвестициялар – 22,3, өнеркәсіп өндірісі – 13,4, бөлшек сауда 2,1 пайызға өсті. Негізгі капиталға құйылған инвестиция көлемі 382,1 млрд. теңгені құрады. Шаруашылық жүргізетін субъектілердің меншікті қаражаты (инвестициялардың жалпы көлемінің 49,9%) негізгі капиталға салынған инвестицияларды қаржыландырудың басым көзі болып …

Экономикада өсім бар Read More »