2023 жылғы қаңтар-қараша айлары аралығында тұрғын үй салу – 35,9, жалпы құрылыс – 27,6, негізгі капиталға салынған инвестициялар – 22,3, өнеркәсіп өндірісі – 13,4, бөлшек сауда 2,1 пайызға өсті. Негізгі капиталға құйылған инвестиция көлемі 382,1 млрд. теңгені құрады. Шаруашылық жүргізетін субъектілердің меншікті қаражаты (инвестициялардың жалпы көлемінің 49,9%) негізгі капиталға салынған инвестицияларды қаржыландырудың басым көзі болып саналады.
Инвестицияларды игеру бойынша басым салалар: ауыл, орман және балық шаруашылығы (42,6%), көлік және қоймалау (22,9%), өнеркәсіп (15,2%), жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар (10,9%).
Ауыл шаруашылығындағы жалпы өнім көлемі 828,1 млрд. теңгеге жуықтады. Сойылған мал мен құстың еті 100 мың тонна мөлшерінде өткізілді, сиыр сүті – 633,9 мың тонна, тауық жұмыртқасы – 634,3 млн. дана.
Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 574,7 млрд. теңге боды. Кен өндіру – 12,1 млрд., өңдеу өнеркәсібі – 483,7 млрд., электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау – 62,3 млрд., сумен жабдықтау, қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою қызметтері 16,7 млрд. теңгені құрады.
Тамақ өнімдерінің өндірісі 5,6 пайызға артты, оның ішінде үй құсының еті –1,7 есе, ауыл шаруашылығы малдарына дайын азық – 43,8, ет және тағамдық қосымша өнімдер (құс етін қоспағанда) –19,6, кептірілген нан және печенье, ұзақ сақталатын кондитерлік өнімдер – 16,6, бидай ұны – 11 пайыз.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 121,2 млрд. теңгеге орындалды. 649 жаңа ғимараттың құрылысы аяқталды, оның ішінде тұрғын үй ғимараттары – 613.
Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы – 240,2 мың шаршы метр. Оның 1 шаршы метріне жұмсалған орташа нақты шығын – 159,5 мың теңге. (2022 жылғы қаңтар-қарашада 140,5 мың теңге болған).
Осы уақыт аралығында бөлшек сауда көлемі 340,2 млрд. теңгеге жетті. Онда азық-түлік тауарларының үлесі–35,6, азық-түлік емес тауарлар – 64,4 пайыз.
Көтерме сауда көлемі 462,7 млрд. теңге болды. Оның құрылымында азық-түлік емес тауарлар және өндірістік-техникалық мәндегі өнімдердің үлесі басым (76,6%).
Алдын ала деректер бойынша ЕАЭО елдерімен өзара сауда көлемі 520,5 млн. АҚШ долларына тең. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,3 пайызға артық. Экспорт–113,2 млн, импорт – 407,3 млн. АҚШ доллары.
Әлия АРҒЫМБАЕВА,
Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі ұлттық статистика бюросы облыстық департаментінің бас маманы – баспасөз хатшысы.