«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚОҒАМ ДЕРТІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Елімізде заң үстемдігін орнатып, нағыз құқықтық мемлекет құру жолында маңызды қадамдар жасалып жатқанын көріп отырмыз. Мәселен, қылмыстық процестің үш буынды үлгісі енгізілді. Жемқорлық әрекеті үшін сотталған азаматтарды шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға тыйым салынды. Соттарға, құқық қорғау қызметкерлеріне, пара бергендерге және делдалдарға қатаң жаза қолданылады.

Алайда атқарылып жатқан кешенді шараларға қарамастан жем­қорлықтың әлі де қоғамның дамуына тежеу болып тұрғаны рас. Оның індет деп аталуының да сыры осы. Лауа­зымды қызметтің тұтқасын ұстап отырған кей шенеуніктердің қазынаның қаржысын жымқырғандарын естігенде бұл індеттен қашан айыға­мыз деген ой маза бермейді.

Барша адамзатты алаңдатып отырған жемқорлықтың тамырына балта шабуда бірде-бір қазақстандық шет қалмауы тиіс. Мемлекет басшысы бұл дертті бір жеңнен қол, бір жа­ғадан бас шығарып, бірлесіп еңсе­руге шақырды. Бұл орайда қоғам­дық ба­қылауды күшейтумен қатар өске­лең ұрпақ оның құрбаны болмауы үшін үгіт-насихат жұмыс­тарын кеңі­нен жүргізудің маңызы зор. Келер буын­ды бұл кеселден қор­ғауымыз керек.

Мен өзімнің кітапханашылық қызметімде осы тақырыпқа жіті назар аударып отырамын. “Біз жемқорлық­қа қарсымыз!”, “Болашақты жемқорлықсыз құрамыз!”, “Адал өмір сүреміз!” сияқты жүйелі түрде ұйымдастырылатын іс-шаралар мен “дөңгелек үстелдер” әңгіме-диалог түрінде өткізіледі. Осылайша оқырманға жемқорлықпен күрестің маңыздылығын түсіндіремін. Талқылау сағаттарына оқырмандарымыз бен аға буын белсене қатысады.

Әлия ҚОСПАНОВА,

Ақтас ауылдық кітапханасының кітапханашысы.

Есіл ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp