«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 25.12.2023

СӘБИЛЕР ЖҮЗІНДЕГІ ҚУАНЫШ

Жаңа жыл – барша бүлдіршін­дердің асыға күтетін сүйікті мереке­сі. Бұл мейрамның жылдан-жылға жал­ғасып келе жатқан игі дәстүрлері бар. Мереке жақындаған сайын ба­ла­лар өз тілектерінің орындалуын қа­лап, үлкендерден сый-сияпат күте­ді. Желтоқсан айының соңында түр­лі мерекелік кештер мен арнайы концерттер ұйымдастырылады. Сол шаралардың ішінде ең ерекшесі – әр бүлдіршіннің арманы болған Прези­дент шыршасы. Оған оқу мен өнер­де, …

СӘБИЛЕР ЖҮЗІНДЕГІ ҚУАНЫШ Read More »

БІЛІКТІ ОФТАЛЬМОЛОГ ТАПШЫ

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов өңір кәсіпкерлерімен кездесті. Кәсіпкерлер палатасында өткен алқалы жиын барысында бизнесті дамыту, осы саладағы ахуалды жақсарту және түйткілді мәселелер жайы сөз болды. Бизнес өкілдері өңір басшысына өз ұсыныстарын айтып, қолдау күтетіндерін жеткізді. Биыл өңірімізде шағын және орта бизнесті қолдауға 12,6 млрд. теңге бөлінген. Бұдан бөлек ісін енді бастағандарға түрлі оқу курстары, бағдарламалар …

БІЛІКТІ ОФТАЛЬМОЛОГ ТАПШЫ Read More »

Көшелер дұрыс жарықтандырылмаған

Өңір басшысы Ғауез Нұрмұ­хам­бетов облыстың бір топ тұрғынын қа­былдап, мәселе­ле­рімен жете та­нысты. Саналы ғұмырын құқық қорғау саласына арнаған еңбек ардагері Саттар Мусин тірек пункттері ғима­раттарының басым бөлігі тозғанын айтты. “Учаскелік полицейлерге талап­қа сай жағдай жасалуы керек деген ойыңызды құптаймын. Облыс орта­лы­ғындағы 13 тірек пунктін жөндеу­ге 30 млн. теңге қажет. Дәрет­ха­на­лар да далада орналасқан. Екі жыл­дың …

Көшелер дұрыс жарықтандырылмаған Read More »

Декларация тапсыру тәртібі

2024 жылы жалпыға бірдей дек­ларациялаудан бизнес иелері мен олардың жұбайлары өтуге тиіс. Бұл ретте кәсіпкерлік қызметтің ауқымы, кіріс мөлшеріне қарамастан дек­ларацияны барлығы толтыруға мін­детті. Салық салу – бұл мемлекеттік басқарудағы басты функциялардың бірі. Жалпыға бірдей декларациялау жүйесіне кіретін бірінші жылы актив­тер мен міндеттемелер туралы дек­ла­рация ұсынылады (нысан 250.00). Екінші жылдан бастап кірістер мен мүліктер жөнінде …

Декларация тапсыру тәртібі Read More »

Цензор деген болған…

Қоғамдық өмірдің әр саласында үстемдік жүргізіп, көпшілік пікірдің қалыптасуына ерекше мән беретін мемлекеттерде баспасөз қатаң бақыланады. Ондай кезде ел алдына шығатын кез келген ақпарат бірнеше сүзгіден өтіп, әр хабардың астарына мән беріледі. Цензура деген кешегі кеңес заманының ажырамас атрибуттарының бірі еді. Алайда ол кеңес одағының ойлап тапқан дүниесі емес, бұрыннан, патша заманынан бар сөз бостандығын …

Цензор деген болған… Read More »

Ұйқы безінің обыры

Ұйқы безі обыры нақты неден пайда болатындығы әзірге белгісіз. Бірақ обырға әкелетін бірнеше фактор бар. Облыстық көпбейінді аурухана жанындағы онкологиялық орталық­тың онкохирург дәрігері Анвар Шам­шидиновтың айтуынша, ұйқы безі обырымен 100 мың адамның шама­мен тоғызы ауырады. Сырқаттана­тындардың орта жасы – 68-69. Дерт ер адамдар арасында жиі кездеседі. Халықаралық статис­тикаға тоқтал­сақ, адам қартайған сайын ұйқы безі обырының …

Ұйқы безінің обыры Read More »

Уақыт пен бақыт

Өмірге келген әр адам ес білген сәттен бастап өз бақытын іздеп аласұрады. Әркімге бақыт та, өмірдің мәні де әртүрлі. Содан да болар адамзат әлі күнге дейін бақыт дегеннің не екеніне дәл анықтама бере алмай келеді. Кейде өмірдің өзін түсіну қиынға соғып кетеді. Бірде аяқ астынан орын алған қуанышты көтере алмай сүрінсек, бірде қиындыққа төтеп бере …

Уақыт пен бақыт Read More »

Балаларға төлқұжат алу жеңілдейді

2024 жылдың 1 қаңтарынан бас­тап Қазақстанда балалардың төл­құжаты екі есе арзандайды. Бұл ха­лықтың көші-қон саласындағы заң­наманы жетілдіруге байланысты қа­былданған нормалар негізінде өз­герді. “Қабылданған нормалар кәме­летке толмаған балаларға берілетін паспорттар үшін мемлекеттік баж салығын 8 АЕК-тен 4 АЕК-ке дейін төмендетуді, паспортты беру үшін оның беттерінің санына қарай, яғни, мемлекеттік баж ставкаларын ен­гізу­ді көздейді. 16 жасқа дейінгі …

Балаларға төлқұжат алу жеңілдейді Read More »

Еңбек демалысында сақтандыру мәртебесі сақтала ма?

Отыз күннен асатын жыл сайынғы демалысқа шыққан азаматтардың басым бөлігі сақтандырылу мәртебесінен айрылғандарын айтады. Оған бірден-бір себеп – жарналар әр айға жеке-жеке түсуі керек. Ал жұмыс беруші төлемнің дұрыс жасалғанына сенімді. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының мамандары жағдайды жан-жақты жіктеп, түсіндіріп берді. 2023 жылдың 1 маусымынан бастап қазақстандықтар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясындағы сұрақтармен 1414 қысқа …

Еңбек демалысында сақтандыру мәртебесі сақтала ма? Read More »

78 азамат банкрот деп танылды

Елімізде “Жеке тұлғалардың банкроттығы” туралы Заң қолданысқа енгені белгілі. Үстіміздегі жылы наурыздан бастап күшіне енген заңда жеке тұлғалардың банкроттық рәсімдерінің 3 түрі қарастырылған. Олар – соттан тыс, сотпен және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру. Наурыз айынан бері Петропавл қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасына 609 өтініш келіп түскен. Оның жартысынан көбі талапқа сәйкес келмегендіктен мақұлданбаған. Мамандардың айтуынша, …

78 азамат банкрот деп танылды Read More »

ДЖИУ-ДЖИТСУҒА ҚЫЗЫҒУШЫЛАР КӨП

Тарихы тереңнен тамыр тартқан, бірақ біздің елде соңғы жылдары ғана қанатын кеңге жая бастаған жекпе-жек түрлерінің бірі – джиу-джитсу. Бұл ерекше спорт Үндістанда пайда болғанын біреу білсе, біреу білмес. Кейін ұрыс тәсілдері Жапония мен Бразилия елдерінде түрленіп, жаңаша дамығанын айта кеткен жөн. Біздің облыста джиу-джитсу федерациясының филиалы жұмыс істейді. Жақында сәті түсіп, аталмыш спорт түрінен …

ДЖИУ-ДЖИТСУҒА ҚЫЗЫҒУШЫЛАР КӨП Read More »

Бақылау болса, жұмыс өнімді

“Amanat” партиясы облыстық фи­лиалы жанынан құрылған партиялық бақылау комиссиясы қызметін күн­тіз­белік жұмыс жоспарына сәйкес үйлестіруде. 13 аудандық фи­лиалға бағынысты құрылымдар да осы үрдісте қызмет ете отырып, жыл ба­сынан бері 87 отырыс өткізді. Оның қорытындысы бойынша 372 ұсыным әзірленіп, бүгінге дейін 79 пайызы орындалды. Талдау көрсет­кендей, сапалы ауызсумен қамту, жол­дарды қалпына келтіру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жұмысқа …

Бақылау болса, жұмыс өнімді Read More »

ЕСІРТКІ САУДАСЫ ЕТЕК АЛЫП ТҰР

Облыстық қоғамдық кеңестің кезекті отырысында полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдинов үстіміздегі жылы жүзеге асырылған қылмысқа қарсы күрес шаралары және құқық бұзушылықтың алдын алу туралы баяндады. Тәртіп сақшыларының негізгі міндеттерінің бірі – қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету. Облыс полицейлері құқық бұзушылықтардың алдын алу және қылмыстардың жолын кесу мақсатында заманауи технологияларды пайдаланып келеді. Бүгіндері Петропавлда “SOS батырмалары” …

ЕСІРТКІ САУДАСЫ ЕТЕК АЛЫП ТҰР Read More »

СУДЬЯЛАР ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Облыстық соттың төрағасы Ербол Жанғазиннің қатысуымен өткен отырыста Президенттің 2023 жылғы 11 желтоқсандағы Жарлығымен тағайындалған судьялар таныстырылды. Облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы қызметіне Алмаз Ибраев кірісті. Бұған дейін Павлодар облыстық сотының судьясы болған ол 1977 жылы 2 шілдеде Ақмола облысы Зеренді ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 1999 жылы Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетін, …

СУДЬЯЛАР ТАНЫСТЫРЫЛДЫ Read More »

ӘР ШАҢЫРАҚҚА ЖАРЫҚ СЫЙЛАҒАН

Электр энергиясын беру және таратумен айналысатын кәсіп иелерінің басын біріктірген бұл мереке 57 жылдан бері аталып келеді. Бүгінде өмірімізді энергиясыз елестетудің өзі қиын, отбасындағы жайлылықты айтпағанда, экономиканың барлық саласы электр қуатына тәуелді. “Солтүстік Қазақстан электр желісін тарату компаниясы” акционерлік қоғамы Петропавл қалалық электр желілері басқармасы тарату тобының жетекші инженері Гүлнара Маркасарина бұл салада 30 жылдан …

ӘР ШАҢЫРАҚҚА ЖАРЫҚ СЫЙЛАҒАН Read More »

АЖАРЛАНҒАН АУЫЛДАР

Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов облыс орталығынан шалғай орналасқан Айыртау және Ғабит Мүсірепов атындағы аудандарға жұмыс сапары барысында ауылдарды аралап, жұртшылықпен кездесті. Ғауез Торсанұлы алдымен Айыртау ауданы Лобаново елді мекенінде “Денсаулық сақтауды жаңғырту” ұлттық жобасы аясында пайдалануға берілген жаңа дәрігерлік амбулаторияға соқты. Бұған дейін емдеу мекемесі апатты деп танылып, шаруашылықтың бір ғимаратын жалдап келген болатын. Аудандық …

АЖАРЛАНҒАН АУЫЛДАР Read More »

ТАТУЛЫҚ – ТЕМІРҚАЗЫҒЫМЫЗ

Облыстық әкімдікте өңірдегі бірлік пен татулықты нығайтуға, Қазақстан халқы Ассамблеясының өңірдегі филиалының жұмысына байланысты семинар-практикум өтті. Шараға өңір басшысы, Қазақстан халқы облыстық ассамблеясының төрағасы Ғауез Нұрмұхамбетов, бірқатар басқарманың, департаменттер мен құқық қорғау орындарының, жергілікті атқарушы органдардың, этномәдени бірлестіктердің басшылары, азаматтық сектор мен қоғам белсенділері қатысты. Барлық ауданның өкілдері бейнебайланысқа шықты. Шараны алғы сөзбен ашқан облыс …

ТАТУЛЫҚ – ТЕМІРҚАЗЫҒЫМЫЗ Read More »

КӘСІПКЕРЛЕРДІ ТОЛҒАНДЫРҒАН ТҮЙТКІЛ

Өңірімізге жұмыс сапарымен сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанова келді. Ол облыстық кәсіпкерлер палатасында тұрғындармен және бизнес өкілдерімен кездесу өткізді. Министрдің бірінші орынбасарының айтуынша, қазіргі міндет ішкі сауданы, сауда-экономикалық интеграцияны және шикізаттық емес экспортты дамытуға бағытталған. Кездесуге жергілікті кәсіпкерлер, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер, қоғамдық кеңестер және азаматтық сектор өкілдері қатысты. “Қазіргі уақытта елімізде сауда …

КӘСІПКЕРЛЕРДІ ТОЛҒАНДЫРҒАН ТҮЙТКІЛ Read More »