«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Балаларға төлқұжат алу жеңілдейді

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

2024 жылдың 1 қаңтарынан бас­тап Қазақстанда балалардың төл­құжаты екі есе арзандайды. Бұл ха­лықтың көші-қон саласындағы заң­наманы жетілдіруге байланысты қа­былданған нормалар негізінде өз­герді.

“Қабылданған нормалар кәме­летке толмаған балаларға берілетін паспорттар үшін мемлекеттік баж салығын 8 АЕК-тен 4 АЕК-ке дейін төмендетуді, паспортты беру үшін оның беттерінің санына қарай, яғни, мемлекеттік баж ставкаларын ен­гізу­ді көздейді. 16 жасқа дейінгі ба­ла­ларға – 4 АЕК, 36 беттен тұратын төлқұжаттар – 8 АЕК, 48 беттік төлқұжаттар – 12 АЕК болады”, – делінген Ішкі істер министрлігі таратқан хабарламада.

Сондай-ақ құжат бастапқы жо­ғал­ған күннен бастап бір жыл ішінде жоғалған құжатты қалпына келтіру­ге екі және одан да көп рет жүгінген кезде жеке куәліктерді бергені үшін мемлекеттік баж салығы 0,2 АЕК-тен 1 АЕК-ке дейін ұлғайтылады.

Бұрынғыдай жеке куәліктерді бірінші рет алған кезде құны 0,2 АЕК құрайды. Қабылданған нормалар 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

2020 жылдан бастап он алты жас­қа дейінгі балалардың фотосу­рет­терін Қазақстан Республикасы­нан тыс жерлерге шығу кезінде ата-аналарының паспорттарына жазу жә­не жапсыру алынып тасталды. Осы­ған байланысты балаларға шетелге шығу кезінде жеке паспорт­ты ресімдеу талап етіледі.

“Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы” Заңға сәйкес Қазақстан Республикасы азаматы­ның паспорты 10 жыл қолданылу мерзіміне беріледі.

Балаларға арналған төлқұжат­тар халықаралық тәжірибені және балалардың тез өзгеретін келбетін ес­кере отырып, 12 жасқа дейінгі балаларға арналған төлқұжаттың жарамдылық мерзімі − 5 жылға дейін. 12 жастан асқандарға 16 жас­қа дейін беріледі. Одан әрі төлқұжат пен жеке куәліктің жарамдылығы әдеттегідей 10 жыл болып қала береді.

Әсет ҚАНАФИН.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp