«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Бақылау болса, жұмыс өнімді

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Amanat” партиясы облыстық фи­лиалы жанынан құрылған партиялық бақылау комиссиясы қызметін күн­тіз­белік жұмыс жоспарына сәйкес үйлестіруде. 13 аудандық фи­лиалға бағынысты құрылымдар да осы үрдісте қызмет ете отырып, жыл ба­сынан бері 87 отырыс өткізді. Оның қорытындысы бойынша 372 ұсыным әзірленіп, бүгінге дейін 79 пайызы орындалды. Талдау көрсет­кендей, сапалы ауызсумен қамту, жол­дарды қалпына келтіру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жұмысқа орналастыру салалары бойынша өтініш-тілектер жиі айты­лады. Осы себепті түйінді мәселелерді қысқа мерзімде шешу жолын­да қоғамдық қабылдау бөлмелерінің, азаматтар­ға консультативтік, құқық­тық, өзге де көмектер беру тәжіри­белері жиі қолданылады. Анықтал­ған пробле­ма­лық жайттар тиісті орындарға жол­данып, тұрақты бақы­лауға алынады. Былтыр республи­ка­лық ұйымның бақылау комитетінің отырысында өңірдегі елді мекен­дерге тіршілік көзін жеткізудің түйінді мәселелері талқыланды. Есіл топтық су құбыры желілерінің басым бөлі­гінің тозығы жеткені, Қаржы министр­лігі тарапы­нан қаражаттың уақытылы бөлін­беуі­нен жобалау-сметалық құжатта­маларға сараптама жасау мер­зімі тым ұзаққа созылып кететіні ай­тылды. Алқалы басқосуда әбден ескірген құбырлар толық жаңала­натын болып шешілді. Партиялық ба­қылау комиссиясының араласуымен Прес­нов топтық су құбыры іске қосы­лып, 23 мыңнан астам тұрғыны бар 12 ауылда сумен жабдықтау жақсар­ды.

Бүгінде партиялық бақылау жүйе­­сінің аясы кеңейген. 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағ­дарламаны орындау бойынша “Жол картасына” мониторинг жүргізу жө­нін­­дегі жұмыс тобының, салынып жә­не жөн­деліп жатқан әлеуметтік объек­ті­лердегі партиялық бақылау бекетте­рінің, азық-түлік, дәрі-дәрмек баға­ларын бақылауды қадағалай­тын мо­ниторингтік топтардың есеп­тері жүйелі түрде тыңдалады. Ко­мис­сиялардың құрамы тың күштер­мен то­лы­ғып, әлеуметтік желілердегі жұ­мы­сы жандандырылды. Резо­нанс­­тық сипаттағы мәселелер басты на­зарда ұсталады. Желтоқсан айын­да күннің күрт суытуына қарамастан ко­миссия мүшелері мен мониторинг­тік топ өкіл­дері өз істерін жалғастырып, 31 нысанды аралады. Сонымен бір­ге “Жол картасы” шеңберінде тұрғы­зы­лып жатқан объектілерде жұмыс істейтін партиялық бақылау бекеттерінің қызметімен танысты.

Жұмысымыз көп қырлы. Оның уа­қыт ағымына қарай жетілдіріліп оты­ратыны түсінікті. Партиялық бақылау жүйесі 2008 жылы құрылып, содан бері саяси ұйымның белсенді қол­дау­шысына, сенімді көмекшісіне ай­налды. Басты міндеттердің бірі – әлеу­меттік маңызы бар бағдарлама­лардың орындалуына белсене атса­лы­су. Басқа да атқарылатын шара­лар іс-қимыл жоспарында нақты көрсетілген. Көктемгі су тасқыны кезінде гидроэлектростанция­лар­дың, бөгеттердің, адамдарды қауіп­сіз жерлерге қоныстандырудың да­йын­дығы, ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін кедергісіз орта құру, партиялық бақылауды ұйымдастыру және партияішілік тәртіпті нығайту, тағы басқа мәселелер бойынша 16 отырыс өткізіліп, қаулылар мен ұсынымдардың 53-і шешімін тапты.

Десек те комиссияның басым ба­ғыттарының бірі партияның сайла­уал­ды уәделерінің уақытылы және са­палы орындалуын бақылау болып қала береді. Бес жыл ішінде солтүс­тікқазақстандықтардың өмір сүру са­пасын жақсартуға бағытталған 120 іс-шара жоспарланған. Мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар шеңбе­рінде пайдалануға берілетін объекті­лер­де 99 пост жұмыс істеп, бақылау тұрақты негізде жүргізіледі. Олар­дың қорытындылары апта сайын шы­ғарылып, мүдделі орындардың есеп­тері тыңдалады. Кезекті рейд бары­сында Жамбыл ауданына қарасты Пресновка кентінде “Ауыл – ел бесі­гі” бағдарламасы бойынша салынып жатқан дене шынықтыру-сауықтыру кешені құрылысының ұзаққа созы­лып кеткені анықталды. Жобаның құны – 330 млн. теңге, оның ішінде құ­ры­лыс-монтаждау жұмыстарына 272,5 млн. теңге бөлінген. Мердігер ұйымның кінәсінен жұмыс іс жүзінде тоқтап, айыппұл санкциялары салын­ған. 2022 жылдың тамызында осында партиялық бақылау бекеті ашылып, бастапқы жұмыстар қайта жалғасқанымен, сот шешімі бойын­ша нысанды тапсыру мерзімін кешік­тіргені үшін мердігермен келісімшарт бұзылды. Қазіргі уақытта құры­лыс жұмыстарымен “Петробуиль­динг” ЖШС айналысады. Аумақты абаттандыру аяқталды, ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Нысан жыл аяғына дейін тапсырылады. Аманат­тықтар осындағы жұмыс барысына күнделікті мониторинг жүргізеді.

Партиялық бақылау комиссиясы жұмысының бір буыны азық-түлік, дәрі-дәрмек және жанар-жағармай бағасының негізсіз өсуін еңсеру бо­лып табылады. Үстемеақының 15 па­йыздан асып кетуіне жол бермеу – басты мақсатымыз. Осыған орай сау­да, дәріхана желілері мен жанармай құю станцияларына бірнеше рет рейд ұйымдастырылды. 1062 нысан тексеріліп, оның қорытындылары әлеуметтік желілерде жарияланды. Науқасқа бірінше кезекте қажетті кей дәрілік препараттардың болмауы, коммерциялық бағамен сату факті­лері кездесті. Азық-түлік тауарлары­на баға белгілеудің бүкіл тізбегі бойынша делдалдық схемаларды тер­геу жөніндегі өңірлік комиссиямен де өзара тығыз байланыстамыз.

Партиялық бақылау комиссиясы өзекті мәселелерге жедел ден қо­йып, шешім қабылдап отырады. Аза­маттарды қабылдау, қоғамдық тың­дау барысында көтерілген пробле­малар ескерусіз қалмайды.

“Amanat” партиясы жарғысының 3.8-тармағын бұзғаны үшін Ақжар ауданы Талшық ауылдық округі әкіміне сөгіс түрінде тәртіптік жаза қол­дану, 2 адамға ескерту, 1 адамға сө­гіс, сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзу­шылық жасағаны үшін 4 адамды пар­тия қатарынан шығару ұсынылды.

“Amanat” партиясы облыстық фи­лиалы жанындағы партиялық бақы­лау комиссиясы алға қойылған мақ­саттар мен міндеттерді тиімді орын­дау үшін жүйелі жұмыс істеп жатыр.

Ерлан АЛПЫСОВ,

“Amanat” партиясы облыстық филиалы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы, облыстық мәслихаттың депутаты.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp