«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Декларация тапсыру тәртібі

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

2024 жылы жалпыға бірдей дек­ларациялаудан бизнес иелері мен олардың жұбайлары өтуге тиіс. Бұл ретте кәсіпкерлік қызметтің ауқымы, кіріс мөлшеріне қарамастан дек­ларацияны барлығы толтыруға мін­детті.

Салық салу – бұл мемлекеттік басқарудағы басты функциялардың бірі. Жалпыға бірдей декларациялау жүйесіне кіретін бірінші жылы актив­тер мен міндеттемелер туралы дек­ла­рация ұсынылады (нысан 250.00). Екінші жылдан бастап кірістер мен мүліктер жөнінде декларация ұсыну қажет (нысан 270.00). Бұл ретте, жал­пыға бірдей декларациялау бір жол­ғы емес, жыл сайын ұсынылатынын атап өткеніміз жөн.

Сондай-ақ декларацияны қыз­ме­тін уақытша тоқтатқан және мүл­дем тоқтатқандар да ұсынуға тиіс екен­дігін естен шығармау қажет. Бизнес иелері жеке кәсіпкерлікті алдын ала жабу немесе декларация ұсынуы қа­жет. Бұл талап филиалдар мен өкіл­діктердің басшыларына қолданыл­майды.

Декларацияның үлгі нысаны Қар­жы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің www.kgd.gov.kz сайтында “Жалпыға бірдей декларациялау” бөлімінде және Салық төлеушінің кабинетінде “Салық есептілігінің ны­сандары” бөлімінде орналастырыл­ған.

Декларацияны екі форматта – қағаз және электрондық түрде беруге болады. Бірінші жағдайда деклара­циямен Халыққа қызмет көрсету орталығына баруға немесе тапсырыс хатпен мемлекеттік кірістер департа­ментіне жіберуге рұқсат етіледі. Элек­трондық түрдегі декларациялар Салық төлеушінің кабинеті, “eGov” порталы, сондай-ақ, “eSalyq Аzamat” және “eGov mobile” қосымшалары арқылы қабылданады.

Декларацияны 2024 жылғы 15 қыркүйектен кешіктірмей ұсыну қа­жет. Декларацияда мүлікті сатып алу және сату, оны сыйлыққа немесе мұ­раға алу, сондай-ақ, ел аумағынан тысқары мүлікті қоса алғанда, мем­лекеттік немесе басқа тіркелуге тиіс мүлік туралы ақпаратты көрсету ке­рек. Мұндай мүліктер тізбесіне, мыналар кіреді:

– жылжымайтын мүлік және жер телімдері, Қазақстан аумағынан тыс жерлердегі жер үлестерін қоспаған­да;

– көлік құралдары: Қазақстан аумағынан тыс жерлерде ұшақ, кеме, автомобиль, мамандандырылған тех­ни­ка;

– шетел компаниясындағы үлес ;

– тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттар бойынша тұр­ғын үйлердегі үлестер;

– зияткерлік меншік және автор­лық құқық объектілері;

– инвестициялық алтын;

– бағалау құны болған кезде құны 1 000 еселенген АЕК-тен асатын өзге де мүлік;

– егер олар жиынтығында 1 000 еселенген АЕК-тен асатын болса, Қазақстан аумағынан тыс орна­ласқан шетелдік банктердегі банктік шоттардағы ақша;

– 1 000 еселенген АЕК шегінен ас­пайтын сомадағы қолма-қол ақша;

– нотариат куәландырған қарыз шарттары. Мұнда қарызды берген тұл­ға мен қарыз алушы есеп беруге тиіс.

Жалпыға бірдей декларация­лау­ға қалай дайындалу қажет:

– егер сізде 10 000 АЕК-тен аса­тын мөлшерде ақша қаражаты бар болса, онда банкке салыңыз, осы­лай­ша ол бастапқы декларацияда көрінетін болады;

– егер сізде жұмыс істемейтін ЖШС немесе ЖК бар болса, онда оны жабуға тырысыңыз;

– егер жеке тұлғалардан алатын қарыздарыңыз болса, онда мұндай қатынасты 2023 жылғы 31 желтоқсан­ға дейін ресімдеп алыңыз;

– егер сіздің құны1000 АЕК-тен асатын мүлігіңіз бар болса, бағалау­ды 2023 жылғы 31 желтоқсанға дек­ларация беру мерзіміне дейін жүргізу қажет;

– егер сіз 2024 жылы ірі сатып алу­ды жоспарласаңыз, онда оны декла­рацияда қалай көрсететініңізді анық­тап алыңыз.

Дина ТІЛЕУБАЕВА,

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Петропавл қаласындағы өңірлік өкілдігі басқармасының басшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp