«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Адал еңбекке – лайықты құрмет

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс орталығындағы Жастар са­райында Энергетиктер күніне орай салтанатты шара өтті. Өңірдің энерге­ти­калық кешенін құруға және оның үз­діксіз жұмыс істеуіне саналы ғұмырын арнаған жандарды кәсіби мерекесі­мен облыс әкімінің атынан орынба­сары Қанат Дүзелбаев құттықтады. “Бү­гінгі таңда елімізде энергети­ка кеше­нінің дамуына ерекше көңіл бө­лініп отыр. Ал бұл салада адал ең­бек еткен аға буынның ізін кейінгі ұрпақ сәтті жал­ғастырды”, – деген Қанат Малғаждар­ұлы үздік қызметкерлерді түрлі ата­лымдар бойынша марапат­тады.

Сала мамандары Энергетика ми­нистрлігінің, Қазақстан электроэнер­гетикалық қауымдастығы мен облыс әкімінің Құрмет грамотасы және Ал­ғыс хаттарына ие болды. Құрметті ең­бек демалысына шыққан майталман­дарға “Ардагер энергетик” төсбелгісі табыс етілді. Ал “Петропавл жылу же­лілері” серіктестігі бас директорының міндетін атқарушы Виталий Холоша “Электр энергетикасы саласына қосқан үлесі үшін” медалімен марапат­талды.

– Мен энергетика саласына 2009 жылы келдім. Алғашқы лауазымдық міндетім берілетін жылудың қысымы мен температурасын бақылау бола­тын. Тә­жірибе жинақтап, жұмысым­ның қыр-сырын түсіндім. Жалпы бұл са­лада жұмыс істеу үшін сабырлық пен жауапкершілік аса қажет, – деді Виталий Холоша.

“Севказэнергосбыт” ЖШС жұ­мы­сының басым бағыттарының бірі – тұ­тынушыларға қызмет көрсету сапа­сын арттыру. Қазіргі таңда компания “IQala” жобасын іске қосуға дайында­лып жатыр.

– Қызметкерлеріміз тұтынушы­ларға қызмет көрсету сапасын артты­руда көп жұмыс атқарды. 2013 жылы байланыс орталығы, бірыңғай есеп айырысу орталығы іске қосылды, бірыңғай төлем құжаты енгізілді. Бұл тұтынушылармен жұмыс барысын айтарлықтай жеңілдетті, – деді “Сев­казэнергосбыт” ЖШС-ның бас директоры Мағауия Сағындықов.

Салтанатты жиынға қатысқан 500-ге жуық маман марапаттау сал­танатынан кейін өңірдің өнер ұжым­дарының қатысуымен өткен мереке­лік концертті тамашалады.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp