«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Шырша шамы жағылды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлдағы Орталық алаңда облыс әкімі Ғауез Нұрмұхам­бе­товтің қатысуымен жаңа жылдық бас шыршаның шамын жағу салтанаты өтті. Мерекелік кеш Аяз аталар мен Ақшақарлардың шеруімен басталып, олар жиналған жұртшылыққа көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Тұрғындар жергілікті өнерпаздар әзірлеген мерекелік концертті ерекше ықыласпен тамашалады.

– Санаулы күндерден кейін біз жаңа 2024 жылға қадам басамыз. Өтіп бара жатқан жыл еліміз үшін игі жақсылықтарға толы болды. Келер жылдың да қуаныш пен береке алып келетініне сенеміз. Біз әзірлеген ме­ре­келік бағдарлама қалалықтар мен меймандардың көңілінен шығуда. Осындай шараларды алдағы күндері де өткізетін боламыз, – дейді қала­лық Мәдениет үйінің өнерпазы Ерден Қожахметов.

Шыршаның шамын жағу үшін арнайы “қонаққа” келген ақ аюлар кештің шырайын кіргізе түсті. Нағыз ертегілер еліне саяхаттап, таңға­жайып әлемде жүргендей әсер алған халық “көңіліміздің керегесін кеңей­тіп, баршамызға береке сыйлаған жылдың он екі айына алғысымызды білдіреміз!” – деп тарқасты.

Самрат ҚҰСКЕНОВ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp