Петропавлдағы пәтерлердің бірінен өрт шықты. Оқыс оқиға желтоқсанның 24-і күні Қазақстан Конституциясы көшесінде орналасқан төрт қабатты үйдің үшінші қабатында орын алған.
“Өрт болған орынға дереу құтқарушылар жіберіліп, 16 адам қауіпсіз жерге шығарылды. Сондай-ақ қызыл жалыннан 7 тұрғын құтқарылды. От сағат 22:00-де ауыздықталды”, – делінген облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Өрт 6 шаршы метр аумақты шарпыды. Құтқарушылардың алдын ала болжамы бойынша от сымдардың қысқа тұйықталуынан шыққан. Зардап шеккендер жоқ.
“Qyzyljarnews.kz”.