Жырына Шоқан сүйсінген
Ұлттық поэзиямыздың қалыптасып, толысуына он жетінші ғасырдың екінші жартысында, он сегізінші ғасырдың басында өмір сүрген жерлесіміз Тілеуке Құлекеұлының – Шал ақынның қосқан үлесі де аз емес. Әдетте, біз ол туралы ой өріп, сөз сабақтай қалсақ, ең алдымен қазақтың біртуар ұлы, атақты ғалым-зерттеуші Шоқан Уәлихановтың еңбектеріне жүгінеміз. “Менің бабам Абылай ханның замандасы Арғын Атығай ішінде Бәйімбет …