«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Ауылдағы хоккей корты

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Агро Север” ЖШС-ның директоры Николай Луговой туған ауылын көр­кейтуге, тұрғындардың бақуатты өмір сүруіне жан-жақты қамқорлық көрсетіп келеді. Жуырда серіктестік орналасқан Повозочное елді меке­нінде хоккей кортын салды. Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов ауданға жұмыс сапары барысында ауылдықтарды жаңа спорт ныса­ны­ның ашылуымен құттықтап, әлеу­меттік жауапкершілігі үшін шаруа­шылық басшысына алғысын білдір­ді. Жас хоккейшілерге спорттық киімдер тарту етті.

“Заман талабына сай тұрғызыл­ған нысан жергілікті жерде спортты дамыту әлеуетін айтарлықтай кеңейтіп отыр. Хоккей корты – маңызды инф­рақұрылым ғана емес, тұрғындар­дың спортпен белсенді шұғылда­нуына да игі әсері мол нысан”, – деген Ғауез Торсанұлы серіктестік жетекшісіне Алғыс хат табыстады.  Шал ақын және Есіл аудандары хок­кейшілері арасындағы ойынды та­ма­шалады.

Өңір басшысы осындағы шаруашылықтың жұмысымен де та­ныс­ты. Қайрат Байбусинов – “Ауыл аманаты” бағдарламасының қаты­сушысы. “Солтүстік” әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы арқылы 8,6 млн. теңгеге несие рәсімдеген. Оған 14 жылқы сатып алып, өз ісінінің игілігін көріп отыр. Облыс бойынша 236 адам осындай же­ңілдікке ие болған.

Облыс әкімі барған үшінші нысан – “Агро Профи” ЖШС қызмет көрсететін мектеп қазандығы. Аудан әкімі Рахат Смағұлов жылу беру маусымының барысы мен қазандықтарды жаңғырту жайын баяндады. Энер­гия желілерінің тозығы жеткеніне, ауыстыру қажеттігіне тоқталды.

Бұдан кейін Ғауез Нұрмұхам­бе­тов Сергеевка қаласында қатты дауылдың салдарынан шатыры за­қым­далған балабақшаға барды. Ау­дан басшылығына қалпына келтіру жұмыстарын сапалы әрі қыс­қа мерзімде жүргізуді жүктеді.

Өңір басшысы аудандық ауруха­нада болып, емделушілермен әңгі­ме­лесті. Балалар бөлімшесінде ем-дом алып жатқан бүлдіршіндерге  жаңа жылдық сыйлықтар табыстап, тезірек сауығып кетулеріне тілектестік білдірді.

Жұқпалы аурулар бөлімшесін күр­делі жөндеуден өткізу, бос тұрған ғимаратты қалпына келтіру мәселелері тал­қыланды. Ғауез Торсанұлы жо­ба­лық-сметалық құжаттама әзір­леуді тапсырып, қаржылай қолдау көрсетілетінін жеткізді.

Роза КОШЕЛЕВА,

Шал ақын ауданы әкімдігінің баспасөз хатшысы.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp